14:06 Уақытыңды басқар | |||
ІСТІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРМАУ «Қазір емес» деген сөз неткен жылдамдықпен «ешқашанға» айналып кете барады десеңізші» Мартин Лютер Өткен уақытты қайтарып әкелі мүмкін емес. Сондықтан да ізгі амалдар жасаудың күні – бүгінгі осы күнің. Сол үшін де «ертең істеймін!» дейтінде ұрыды. Әзірет Омар (р.а.) былай деген: «Төрт нәрсе еш уақытты қайта айналып келмейді:
Біздің әрбір сәтіміз белгілі бір мүмкіндік алып келеді. Сол мүмкіндікті дер кезінде игеріп қала алсақ, бізге орасан зор пайдасы болмақ. Керісінше жағдайда ол мүмкіндік қайта айналып келмейтіндіктен, одан мәңгілікке айырылған боламыз. Сондықтан мүмкіндік болып тұрған шақта ісімізді ешқашан кейінге қалдырмауға тырысуымыз қажет. Істі кешіктіруді жақсы білгеніміздей орындауды да солай үйрену керек. Біз әрдайым бір істерді кейінге қалдырудамыз. Алайда кейінге қалдырып жатқанымыз өз өміріміз екендігін аңғармайтынымыз өкінішті-ақ. Сондықтан ісімізді кейінге қалдыру өзімізге зиянын тигізетінін ойлауымыз қажет. Хасан Басри бір сөзінде осыны ескертіп кеткен: «Адам бос қиялға беріліп ісін кейінге шегергенде оның зардабын көрметйні кезі болмақ емес». «Істі кейінге қалдыру жалқаулық, баяулық пен немқұрайлылық тудырады. Адамға жұмыс істеп жатқанына сендіреді. Оның ұнжырғасын түсіріп, құмарлықтарының соңына түсіріп қояды». Куртуби Алланың алдындағы парыз болған құлшылықтарды орындауды да ешқашан кейінге қалдыруға болмайды. Ақыл-есі дұрыс мұсылман адамға балиғат жасынан бастап белгілі бір міндеттемелер жүктеледі. Күнімізде көз көріп жүргендей кейбір жандар осы міндеттерін зейнетке шыққан уақытқа қалдыруда. Яғни, кейін зейнетке шыққанда не пәлен жасқа келгенде тәубе етіп, барлығын тастап, намаз оқып, құлшылық ететін деуде. Ал Алла елшісі (с.а.с.) болса осылай жауапкершілігін орындамай, кейінге қалдырушыларды «өтірікші» деп атаған, ал ондай «өтірікшілер құрдымға кеті» деген. Сондай-ақ мына бір хадисі де осы мәселе жайында ой саларлық: «Мақтанып, тәкаппарланып, бүлік шығарушы болмаңдар, жақсы әрі пайдалы саудадан басқа сауда жасамаңдар. Расында, олар ізгі амалдарды кейінге қалдырушы өтірікшілер». Линда Сападиннің “It’s fbout Time” (Бұл – уақыт жайында) кітабынан мынадай тұжырым көре аламыз: «Істі кейінге қалдыру адамның өз-өзін бағалауын төмендетеді, ол өз кезегінде өмірге деген оң көзқарас, бақытты сезіну мен шығармашылық күш-қуаттан айырады. Ісін кейінге қалдыруды әдет еткен жандар одан арылу үшін еш нәрсе істемейді, олар үшін мақсаттарына жету былай тұрсын, мақсат қоюдың өзі қиынға соғатын болады». Күннен қалсаң, айдан қаласың, Айдан қалсаң, жылдан қаласың. (мақал) Істі кейінге қалдыру кей кездері істі аяқтауды кейінге қалдыру түрінде орын алады. Ал мұның тіпті зиянды әдет екенін әйгілі америкалық психолог Уильям Джеймс «Аяқсыз қалған істің уайымынан асқан қажытатын жайт жоқ» деп ескертіп айтып кеткен. Яғни, бұл әдет адамды сары уайымға салып, күйзеліске ұшыратады. Уайымға берілу деген адамның денсаулығына кері әсерін тигізумен қатар, оның уақытын да босқа өткізеді. Ақылды адам уайымға беріліп, уайымның, күйзелістің алтын уақытын ұрлауына жол бермеуі қажет. Мұсылман жанның сөздік қоырнда «күйзеліс» (депрессия, стресс) деген сөз тіптен болмауы керек. Сондықтан «Бұл тым күрделі», «Мүмкін барлығы өз-өзіме шешілер», «Мүмкін бұл істі басқа біреу орындар», «Менің көңіл-күйім жоқ», «Мен мұны істегім келіп тұрған жоқ» деген сияқты сұм ойлар келмей тұрып, іске кірісіп кету қажет. Себебі Бенджамин Франклин айтып кеткендей, «Сен күттіруің мүмкін, бірақ уақыт күтпейді». жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |