10:05 Уақытыңды басқар | |||
КҮНДЕЛІКТІ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН УАҚЫТ МӨЛШЕРІ Капиталистік өлшемдер бойынша «күнделікті сегіз сағаттан артық жұмыс істеу жұмыс өнімділігін төмендетеді» деген түсінікті бірден қабылдап алмай, мұқият ой елегінен өткізу қажет-ақ. Себебі уақытты тиімді пайдаланып, барлық уақытымызды нәтижелі етіп, ешбір сәтімізді босқа өткізіп алмас үшін аталған сегіз сағаттың тыысындағы уақыттарды да пайдалы істермен шұғылданып өткізген жөн. Ал одан артық жұмыс істеу «адамның жұмыс істеу өнімділігін төмендететіндігіне» келер болсақ, адам ұзақ уақыт бойы бір іспен шұғылданар болса, ми шаршап, жұмыс өнімділігі содан төмендемек. Олай болса, адам істерінің арасында үзіліс жасап, басқа жұмыстармен де кезектестіріп айналысып отырса, сегіз сағаттан кейін де жұмыс өнімділігі төмендемейтіндігін айтуға болады. Дініміздегі намаздың орны да осындай қызмет атқара алады. Түскі намаз түске дейін жұмыс істеп шаршаған жанды сергітіп, жұмысына жаңа серпінмен қайта кірісуіне жағдай жасайды. Одан соң адамның миы мен деенсі шаршады-ау деген уақытта екінті намазы тағы сергектік сыйлауға келеді. Кешке қарай адам ұзақ күннің жұмысынан қажыған кезінде ақшам намазы кешкі уақытқа ширақтық сыйламақ. Солайша одан кейінгі уақытта да қосымша істермен, үй шаруаларымен айналысуға күш-қуат табады. Ал сегіз сағаттан артық жұмыс істемей, басқа уақыттарын қол қусырумен өткізу Ислам дінінің уақытты бос өткізбеу қағидасына қарама-қайшы болмақ. Сондықтан мұсылман жан уақытын барынша тиімді пайдаланып, жоспарлы өмір сүріп, уақыттың бос өтуіне жол бермеуі қажет. Бүгінгі біздің қоғамдағы жұмыс орындарында күнделікті жұмыс уақыты көбіне сегіз сағат екені белгілі. Соған орай әрбір мұсылман баласы өзінің жұмыс істейтін мекемесіндегі тәртіпке бағына алады. Алайда осы уақытпен шектеліп қана қоймай, одан кейінгі бос уақыттарын пайдалы іспен, білім алумен, қосымша ғибадатпен, өз-өзін дамытумен, отбасына қолғабыс етумен айналысқаны нағыз мұсылмандыққа сай болмақ.
«Нағыз даналық – талап етілген істі талап етілген түрде талап етілген уақытта орындау» Ибн Қайюм Әр нәрсе уақытымен қызықты (мақал) Адамдардың да, құрылғылардың да жұмысы баяулауы мүмкін. Алайда бір құрылғы өз мүмкіндігінің 10-15%-ын ғана қолданып жұмыс істесе, оның өнімсіздігін айтып шағымданамыз. Ал бұл – көпшілік адамдардың орташа жұмыс өнімділігі. Мұндай өнімсіздіктің себептері көп болғанымен, ең алдыңғы қатарда келетін себебі – уақытты «иемдену» сезімі. Алайда уақыт не бізге жақ болады, не қарсы болады немесе босқа өтіп кете барады. Жұмыс уақытын толықтай жұмысқа арнаңыз. Дәл бүгіннен бастап уақытты босқа өлтіретін, өмірңізге де, мансабыңызға да титтей де пайдасы тимейтін істерді барынша азайтуға шешім қабылдаңыз. Өмірде жетістікке жету үшін ең басты қасиет – алаңдататын факторлардан бас тартып, бойды барынша аулақ сала білу. Өзіңіз жауапты болған істе нәтижеге жету жолында зейін қойып еңбек ету қажет болады. Сіздің басқа адамдармен бірге өнімді әрі сапалы түрде жұмыс істей алу қабілетіңіз жетістікке жету үшін ауадай қажет. Осыны әрдайым есте ұстаған жөн. Күнделікті сіздің айналаңызда уақытыңызды ұрлап, жұмыс өнімділігіңізді төмендететін адамдар мен жағдайлар көптеп кездеуі мүмкін. Болаттай беріктік пен өзіндік тәртіп қана адамның өзін қорғап қалуға септігін тигізеді. Сізді алаңдататын ықпалдардан арылу үшін өз-өзіңізге жұмыс уақытының тек жұмысқа арналғандығын еске салып отыруыңыз қажет. Жетістікке жетудің ең басты ережесі: жұмыс уақыты толықтай жұмысқа арналуы тиіс. Жұмыс орнына жеткенде желаяқ жүгірушінің жарысты бастағанындай бірден жұмысқа кірісіп кетіңіз. Жұмыс уақыты үшін өзіңізге арнайы ережелер бекітіп қойыңыз. Күніңізді электронды хабарламаларды тексеруден бастамаңыз. Оған арнайы уақыт арнаңыз. Күнделікті екі рет белгіленген сағаттарда тексерсеңіз де жетеді. Басқа уақытта ондай электронды қосымшалардың барлығын назардан тыс, өшірулі күйде ұстаңыз. Электронды пошта, смс, Whatsapp секілді байланыс қосымшаларын жылдам әрі тиімді пайдаланып, одан соң бірден жұмысқа оралуды үйреніңіз. Хабарламалар келіп жатқан күннің өзінде оларды ескертуші дыбыстарды өшіріп қойыңыз. Сіз ол дыбысты естіген сайын қаныңызға сізді жұмыстан алаңдататын әрі өнімділігіңізді төмендететін дофамин гормоны бөлінетінін біліңіз. Жеке кездесулер мен жиналыстарды қысқа уақыттың ішінде барынша ауқымды нәтиже алатындай етіп жоспарлаңыз. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |