15:43 Уақытыңды басқар | |||
УАҚЫТТЫ ҚАЖЕТТІ НӘРСЕГЕ ЖҰМСАУ «Уақыт – ең қуатты элемент, алайда көбіне оны қалай қолдану қажеттігін біле бермейміз». Джеральд Ниренберг Уақытты тиімді пайдалану үшін уақытымыздың қандай істерге жұмсалып жатқанын анықтауымыз қажет. Күнделікті істерді жіктеудің ең алғашқы түрлерінің бірін Ежелгі Рим философы Луций Сенека ұсынған болатын:
Ислам діні бойынша да істер осылай жіктеліп, ақыретте адамның алдынан шықпақ. Ақыретте адамның әрбір күніндегі 24 сағат 24 сандық түрінде әкелінетіні айтылады. Жақсы, пайдалы, ізгі амалдармен, құлшылық жасаумен, адамдарға жақсылық істеумен өткізілген сағаттар сандықты хош иісті жағымды нәрсеге толтырады. Күнә жасаумен, жамандық істеумен, адамдар мен басқа да жаратылыстарға зиянын тигізумен өткізілген уақыттар сандық ішін иісі адам төзгісіз жиіркенішті нәрселерге толтырады. Ал кейбір сандықтар бос келеді. Адам баласы үшін пайда беретіні тек бірінші сатыдағы сандық болмақ. Екіншісі үшін азапқа душар болуы мүмкін болса, үшінші түрдегі сандықтағы уақытын босқа кетіргені үшін сұраққа тартылмақ. Олай болса, ақыл беріліп ерекше жаратылған адам баласы өзіне аманат етіп берілген уақытын қандай істерге жұмсағаны жөн боларын осыдан-ақ көре алады.
Әрбір таңдау басқасынан бар тартуды қажет еттіреді. «біліп қой, ақыл-ойың барлығын бірдей сыйдыра алмайды. Олай болса, ең маңыздыларын таңдап ал. Барлық адамға көңіл бөле алмайсың, өзіңнің ілтипатын мен көңіліңді ақиқат жолындағы адамдарға арна! Әрі жомарттығың да бәріне жетпейді. Оны да рухы таза адамдарға сақта! Үнемі күш-қайрат жұмсап отырсаң да, күн мен түн сенің барлық қажеттіліктеріңе жетпейді. Сол себепті істердің қайсысын істеп, қайсысын қоя тұратыныңды жақсылап сұрыпта!» Аббас ибн Хасан Адам өмірінде көптеген істерді атқаруды қалайды. Алайда барлығына үлгеру мүмкін емес. Сондықтан таңдау жасау қажет болады. Адам өмірі толықтай үздіксіз таңдаудан тұрады. Ал бұл таңдау қалай болса солай емес, саналы түрде жасалғаны дұрыс. Уақытты ең бағалы істерге жұмсау қажет. Бұл өмірде біздің таңдауымызға көптеген істер ұсынылған. Солардың ішіндегі ең негізгілерін кейінге қалдырмай, бірінші кезекте іске асыру – аса маңызды. Ал қалғандарфн өз дәрежелеріне қарай кезекке қою – уақытты ең тиімді түрде қолданудың басты қағидасы болмақ. Уақыттың қадірін ұққан адам нәтижесінде оның жемісін көреді: уақытының шектеулі екенін білген ол, оны пайдалы өткізуді ойлайды, істерін екіге: өте маңызды және екінші кезекте маңызды деп бөлу арқылы барлық істерін маңызы басымдылығына қарай бір жүйеге келтіреді. Осы арқылы аса маңызды емес істерін былай қоя тұрып, өте маңызды істеріне көбірек уақыт бөледі, ал әлі де уақытын дұрыс басқара алмай жүргендер мұны керісінше істейді. Тайм-менеджменттің негізні қағидаларының бірі – әр істің өзіндік орындалу тәртібін білу керектігі. Яғни, қазіргі технология мен неше түрлі нәрсенің көбейіп, адамдарды қызықтырып әрі соған бәріміз алданып жатқан заманда, ең бағалы болған қор – уақытымыздан қалай айырылып жатқанымызды байқамаймыз да. Осы тұрғыда күнделікті уақыт бөліп, күш салуымыз қажет істерді дұрыс таңдау үшін де Алла Елшісінің өнегесіне жүгінеміз. Оның барлық сөздері мен ақыл-кеңестері бізге аталған жайтты анықтай түсетіні секілді санамыздағы сан сауалға жауап болатын түсіндірмелері мақсатымызды алдымызға жайып салады. Хадистерден біз көтеріп отырған тақырыптың алғашқы иләһи діндерден бастау алған күн тәртібіндегі мәселе екендігін көре аламыз: Алла Елшісі (с.а.с.) Ибраһим пайғамбарға (а.с.) түсірілген он парақта мыналар жазылғандығын жеткізген: «Ақылды жанның әр минуты есеппен өтуі керек:
Хадистің басқа риуаятында демалысқа арналған уақыт та аталып өтілген. Байқағанымыздай, Алланың діні күнделікті уақытымызды төртке бөліп жоспарлауымызды бұйырған:
Ал психологиялық тұрғыдан қарастырар болсақ, адамның өмірінде теп-теңдік сақталуы үшін негізгі төрт түрлі қажеттілігі қамтамасыз етілген болуы керек екен. Олар:
Бұл қажеттіліктер өте терең әрі шынайы мағынада бір-бірімен тығыз байланысты. Аталғандардың әрқайсысы кезек күттірместей өте маңызды. Олардың барлығының тепе-теңдігі сақталғанда адам жан рақатын сезіне алады. Ал егер осы төртеуінің барлығын бір арнаға тоғыстыра білсе, онда адам баласы нағыз бақыттың шыңына қол жеткізген болады. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |