23:41 Уақытыңды басқар | |||
БІР КҮНДІ ЖОСПАРЛАУ ТӘСІЛІ Күніңізді жоспарлау барысында мынадай үш түрлі іспен бетпе-бет келесіз:
Енді күніңізді жоспарлаған уақытта алдымен атқарылу мерзімі қатаң белгіленген істерді уақытына сай жазып аласыз. Одан соң араларында қалған бос сағаттарға уақыт жеткілікті болса, ауқымды істерді жазасыз. Кейіннен атқарылу мерзімі қатаң белгіленбеген істерді қалған уақыттарға түртіп қоясыз. Жалпы жоспарыңызды мынадай үш бөлімге бөліп жаза аласыз:
Енді мұндағы ең басты қағида мынадай:
Ескерту: әрбір адам жеке қалауы бойынша бұл жоспардың арасына айлық жоспарды да қоса жазып, төрт бөлімге бөле алады.
АСЫҒУ МА, АСЫҚПАУ МА? «Дүниең үшін мәңгі өмір сүретіндей әрекет ет, ақыретің үшін ертең өлетіндей әрекет ет» (Хадис) Көпшілік адам олардың атқару керек істерінің көптігін және оған уақыттың тапшылығын айтып шағымданады. Өздеріне қажет болғанына қарамастан, олардың демалуға уақыты жоқ. Олардың ойынша, таңертең өте ерте жұмысқа барып, күні бойы барын салып жұмыс істеп, тіпті үйге де жұмысын арта келіп, кешкі сағат 8-9-ға дейін жұмыс істеу қажет. Алайда бұл оңтайлы тәсіл емес. Адам уақытының барлығын жұмысқа жұмсамай, жұмысқа арналған уақытын тиімді пайдаланып үйренуі қажет. Берілген уақыттың ішінде барлығына үлгеретіндей өнімді іс атқаруға барын салғаны жөн. Жұмысты бітіруге асығып, барлық уақытты жұмысқа арнау дұрыс емес. Әр істің өз уақыты болады. Ислам діні «Асығу – шайтаннан» екендігін айтады. Дінімізде асығу – құпталмайтын іс. Тек мына бес жерде асығу керек:
Алла Елшісі (с.а.с.) бір хадисінде асығыстықпен жасалған ғибадаттың зая кетуі мүмкін екендігін ескертеді: «Уа, адамдар! Асықпаңдар! Асығыстық жасап сауап ала алмайсыңдар». Бірақ мұнда ғибадат етуге асығу мен ғибадатты орындау барысында асығудың айырмашылығы бар екендігін айтып өту керек. Себебі адам баласы бұл дүниедегі дәм-тұзының қашан таусылатынын білмегендіктен, ақыреттік істерін кейінге қалдырмай, бірден орындап жүруді үйренуі қажет. Бұл жөнінде Әз Елшінің (с.а.с.) мынадай сөзі бар: «Адам уайымдайтын болса, ол асығады, ал ол асығатын болса, мақсатына тезірек жетеді». Ғалымдардың түсіндірмесі бойынша, мұндағы асығу дәл осы ақыреттік істерді орындауға асығуды меңзеп тұр. Ал дүниелік әрекеттерінде бар уақытын арнап, ондай асығыстық танытудың көп қажеті жоқ. «Асықпаған арбамен қоян алады» демекші, баппен орындаған ісінің де нәтижесі мен берекесін көре алады. Тек қана таразының басын тең ұстап, асықпау керек деп жалқаулыққа салынып кетпеуін қадағалауы керек. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |