22:59 Уақытыңды басқар | |||
ЖОСПАР ҚҰРҒАНДА МЕЗГІД МЕН МЕКЕННІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЕСКЕРУ «Жоспар құрғанда қол жеткізе алатын мақсаттарымызды жоспарлауымыз қажет. Сонымен бірге арадағы нәтижелерді де жоққа шығармау керек» Макс Нордау Атқарылатын әрбір іс белгілі бір мезгіл мен мекен ішінде орындалатыны анық. Яғни, қандай да бір істің орындалатын уақыты мен орны болады. Олай болса, әрбір іс оның орындалатын орны мен уақытына тығыз байланысты. Сондықтан істің нәтижелі болуы үшін тек қана дұрыс жоспарлау жеткіліксіз, уақыт пен орынның ерекшеліктеріне де көңіл бөлу қажет. Айталық, ойда-жоқта күтпеген жерден қонақтар келіп қалатын немесе басқа жұмыстар шығып қалатын уақыттар болады. Сондықтан жұмыс жоспарлағанда кенеттен жұмыс ретінің бұзылуы мүмкін екендігі ескеріліп, соған қарай алдын алу шаралары ойластырылмаса, жұмыс керекті уақытында, қажетті деңгейде бітпеуі мүмкін. Жұмыс атқарылатын мекеннің ерекшеліктері де соншалықты маңызды. Мұнда мекен дегенде тек үй, кеңсе, кітапхана секілді ғимараттарды ғана емес, өзіміз өмір сүріп жатқан қоғамдық ортаны да есепке алу қажет. Тура сол секілді уақыт дегенде тек жұмыс атқарылатын белгілі бір сағаттарды ғана емес, адам өмір сүріп жатқан ғасырдың, заманның ерекшеліктерін де ескеру қажет болмақ.
ЖОСПАР ҚҰРУ ЖОЛДАРЫ Заманауи тайм-менеджмент тек «қалай уақытында үлгеруге болады?» деген сұраққа жауап беріп қана қоймайды. Ол – өз-өзіңді және өз әрекетіңді басқару. Тайм-менеджмент жүйе ретінде төрт сатыдан құралады:
Адам өмірін жолаушылық деп алатын болсақ, шыққан жерінен көздеген мекеніне дейін жету үшін қалай баратынын (төте жол, қауіпсіз жол, ыңғайлы жол, т.б.), немен баратынын (қандай құралдар қолданатынын), қайда баратынын (көздеген мақсаты мен діттеген жерінің бір болуы) және неліктен баратынын (неге басқа жерге емес, дәл сол мекенге бару қажеттігі) анықтап алу өте маңызды. Сондықтан адам кез келген істі орындамас бұрын осы сатыларды қарастырып, өзіне қойылған сұрақтарға жауап беріп шығуы қажет. Жоспар құру барысында мән беру қажеьт қағидалар:
жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |