15:17 Уақытыңды басқар | |||
УАҚЫТТЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ «Күнде таңертең алдағы күнін жоспарлап, сол жоспарына сәйкес әрекет ететін адам қарбалас өмірдің шытырман жолдарында алдынан жол бастап жүретін жіпті ұстағандай болады» Виктор Гюго Посткеңестік көршіміз Ресейдің тайм-менеджмент сарапшысы Глеб Архангельскийдің айтуы бойынша, «Өз уақытын басқару» түсінігі адамның барша мүмкіндіктерінің ішіндегі ең құндысы «уақыт» болғандықтан ортаға шыққан. Уақыт – қайтып айналып келуі мүмкін болмаған әрі өте шектеулі қор. Сондықтан барлық басқару жүйесін уақытты есепке ала отырып реттеу қажет. Енді осы түсініктемеге асыл дініміздің призмасынан да қарай отырып, анықтама беруге тырысатын болсақ, тайм-менеджмент дегеніміз – бұл дүниеде және ақыретте жетістікке жету үшін, өзімізге әрі өзіміз жауапты жандарға пайдалы ғұмыр кеше білу үшін уақытты дұрыс пайдалану мен тиімді жұмсауды жоспарлау. Өткен ғасырдың алғашқы жартысында-ақ өзін-өзі және уақытты басқару тұрғысында көптеген зерттеулер жүргізіп, еңбекте жазып кеткен американдық-австриялық кеңесші Питер Друкер ескеруіміз қажетті мынадай нұсқаулық береді: «Табысты меңгеруші бірден тапсырмаларды орындауға кіріспейді, алдымен уақытына қарайды. Олар бірден жоспарлауға кіріспейді, алдымен уақытын қандай істерге жұмсайтынын нақтылайды. Сонымен қатар олар уақытын босқа шығындайтын қажетсіз істерді барынша қысқартуға бар күшін салады». Тайм-менеджмент – тек құрал ғана емес, ол – айналаға басқа көзбен қарауды үйрететін тың көзқарас. Бұл жаңа көзқарастың негізі мынадай қарапайым ақиқатты түсінуде жатыр:
Тайм-менеджмент – орны толмас өмірлік уақыттарды жеке құндылықтарыңыз бен мақсаттарыңызға сай саналы түрде әрі ақылмен қолдану. Тайм-менеджмент – жай ғана күнделік пен жоспар емес. Ол – өміріңіздегі орны толмас уақыт қорын мақсат-мұратыңыз бен құндылықтарыңызға сай қолдануға жағдай жасайтын әдістер жиынтығы. Бұ лтүсініктің негіздері:
Тайм-менеджмент – барлығына да керек құрал. Жұмыс барысындағы адам, үй шаруасындағы әйел, оқудағы студент пен оқушы, барлығы-барлығы да уақытқа мұқтаж. Ал уақыт болса шектеулі. Сол шектеулі уақытта барлық істерін орындап бітіру үшін уақыттың маңызын түсініп, тиімді пайдаланудың жолдарын үйреніп, ысырап етуден аулақ болу керек. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |