12:27 Өткенге тағзым | |
БОЗДАҚТАРҒА – БЕЛГІТАС Әлбетте, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні – дархан да жазиралы еліміз үшін әрі аза, әрі қаза күні. Өткен ғасырдың 30-жылдары жайпаған нәубет тарихымызда ұзағынан сыздайтын һәм жазылмас жара қалдырды. Бірегей, қарапайым боздақтар қыршынынан қиылды, айыға алмас жалаға ұшырады. Бір сөзбен айтқанда, солақай саясаттың жапасын шекті. Шаң басқан тарихи архивтер әлі де бірқыдыру ашылмаған сыр-жұмбақтың қазынасындай. Жуырда сонау сыр шындыққа жанасты. Бесқарағай ауылының Байқадам атты кезіндегі мал қыстағының ағып жатқан бұлағының маңайында 1932-1933 жылдарда Ұлы ашаршылықта қырылған боздақтар жерленген ортақ қорым-қабірстан жері жобалы түрде анықталды. 2012 жылғы 31 мамырда, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде, аудандық деңгейде қорым-қабірстанда боздақтарға арналған Белгітас салтанатты түрде орнатылды. Осынау тарихи-саяси шараға аудан әкімі Құрманова А.А., «Нұр Отан» ХДП Лебяжі аудандық филиалы төрайымының орынбасары әрі аудандық маслихат депутаты Тілеуғабыл Қ., Бесқарағай ауылынан сайланған аудандық маслихат депутаты Әлтаев Қ., аудандық мешіттің бас имамы және т.б. көнекөз қариялар, соғыс және тыл, еңбек ардагерлері қатысты. Белгітасты ашу рәсімінде гүл шоқтары қойылды, минуттық еске алу азалы сәт болды. Сөз алған аудан әкімі Айзада Амангелдіқызы, ауданымыздың Құрметті азаматы Әлкеев Балташ Рамазанұлы атаулы ескерткіштің ел тарихы үшін маңызын, өскелең ұрпақ үшін өнегелігін екшеп тұрып айтты. Ал аудандық мешіт имамы боздақтар аруағына құран-дұға оқыды. Ал Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде арнайы ас берілді. Сайып келгенде, аудан тарихына жаңадан тағы бір бет қосылды. ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ «Нұр Отан» ХДП «Бесқарағай» БПҰ төрағасы, Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы | |
|
Всего комментариев: 0 | |