14:48 Өткен күнде бар белгі | |
ЕСТЕН КЕТПЕС... (Саяси қуғын-сүргінге және аштыққа ұшырағандар
рухына) Елді қырған қызыл көзді, Билік құрған былшыл сөзді, «Ұжымдас!» деп әлек салған, Көнбістікті күштеп алған – заман да болған, күндер де болған. Еркін тұрып, еркін жүрген, Біздің халық жылап жүрген, Қызыл арқан елді буған, Бас тартқанды ұрып-қуған – заман да болған, күндер де болған. Көл боп аққан көздің жасы мәңгі кеппес, Қуғын-сүргін, аштық зобалаңы естен кетпес. Алаш ұранды зиялылар, Елдік аңсаған нән ағалар жарқыраған, Абылай үнді дарабоздар, Тәуелсіздік нақыштары сарқыраған – заман да болған, күндер де болған. Жала жапқан зиялыға, Қан ауызды Сталин аждаһадай ақырған, Қудалаған дарабозды, «Атылсын!» деп зәрін шаша бақырған – заман да болған, күндер де болған. Көл боп аққан көздің жасы мәңгі кеппес, Қуғын-сүргін, аштық зобалаңы естен кетпес. Емін-еркін, ен даланы, Шошындырар лагерь біткен жайлаған, Еркек, әйел, баланы, Аштық, өлім өкшелей жүріп жайпаған – заман да болған, күндер де болған. Қалың еліміз қазаққа, Қызыл балақ қызына әмір еткен, Алып жұртты қыспаққа, Сол қызылдар адамдықтан безіп кеткен – заман да болған, күндер де болған. Көл боп аққан көздің жасы мәңгі кеппес, Қуғын-сүргін, аштық зобалаңы естен кетпес. Естен кетпес сол күндерді, Шам жақпаған қара түндерді, Мұң-қаралы зар үндерді. Естен кетпес құрбандарды, Аяулы зиялы жандарды, Жазықсыз қырылған боздақтарды: Елге жаққан даналарды, Қызық көрмеген балаларды, Егіле жылаған аналарды... ...үнсіздікпен еске алайық.... ...аялайық.... ...ұмытпайық! ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Бесқарағай
ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы | |
|
Всего комментариев: 0 | |