22:02 Тіл - күретамыр | |
Қазақ тілі Ана сүтімен асылданған ана тілі, Найзаның ұшымен, Білектің күшімен Аманат боп аман қалған баба тілі. Қысым көрді қилы-қилы заманда, Шүйлікті ғой сонда қасқа менен жаман да, Төзе білді, құламады, сынбады, Қасақана өртесе де, жанбады, Тоқыраудың суығында тонбады. Сәтін күтті асқарлана самғауға, Ұрпақтардың сабақтастығын жалғауға, Тіл-тілдердің қатарынан қалмауға. Егемендіктің еңсесімен, Тәуелсіздіктің тегеуірінімен, Халықтың қалауымен, Ел-жұрттың елеуімен Көтерілді мемлекеттік мәртебеге, Мәңгілік елдің мінберіне. Жыл-жылдармен жаңғыруда, дамуда, Қырандайын еркіндене самғауда. Самға, самға, қазақ тілі, самға, самға, Өркендей бер, өрістене жылжып алға. Араб болдың, латын болдың, кирилл болдың, Түстің, міне, латынданған дара жолға. Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |