21:52
Тіл біл

ИВРИТ ТІЛІ

Иврит тілінен бөлек еврейлерге қатысты идиш тілі бар. ол тағы қандай тіл?

Еврейлер ІІ ғасырдан бастап қуғынға ұшырап, дүниенің сан тарапына босып кеткенін білеміз. Халықта біртұтастық болмаған соң, тілдің де сақталып қалуы қиын дүние. Иврит тілі қолданыстан кетіп, орнына түрлі диалектілер келді. Еуропаға қоныс аударған еврейлер жергілікті халықтармен ассимиляцияға түсіп, тілдеріне сансыз көп сөздерді енгізіп алды. Осылайша еврей-грузин диалектісі, еврей-грек диалектісі деген сынды ұғымдар пайда болады. Асылында, ол диалектілердің барлығы иврит тілі мен жергілікті тілдердің модификациясы ғана болатын. Идиш та тап солай немістердің жерінде пайда болған иврит тілінің диалектісі секілді болды. Алайда оның кең қолданысқа еніп, Германияның тысына да таралуы толыққанды тіл дәрежесіне көтеріп жіберді. ХІХ ғасырларда әлемде 11 млн адам идиш тілін пайдаланды. Кейіннен Израиль құрылғаннан кейін жасанды түрде еврейлер идишті ысырып, иврит тілін жандандыруға басымдық берді. Одан бөлек холокост (Холокост – 1941-1945 жылдар аралығында еврейлердің жаппай қудалануы мен қырғынға ұшырауы) кезінде идиш тілінде сөйлейтін көп адам қырылған болатын. Сол себепті еврейлердің санасында идиш тілі қуғын-сүргінмен ассоциациаланғандықтан, аса бір сүйкімді кейіпте емес. АҚШ еврейлері әліге дейін идишті пайдаланады екен. АҚШ-та болған кезде алғаш рет өмірінде еврейлермен коммуникацияға түскен болатын. Иврит тілі – араб тілінің туысы, семит тілі болып табылады десек, идиш болса индо-еуропалық топқа жатады. Неміс тілінің ықпалынан шыққан. Бір халыққа тән, алайда екі бөлек тіл деуге келеді. идиш тек кей иврит сөздерін өзіне қосады. Жазылуы бірдей. Жай ғана жазбаға қарап қай тіл иврит, қай тіл идиш екенін айыру өте қиын.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 5 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: