23:12
Тіл біл

ИВРИТ ТІЛІ

Ол зерттеп жүрген Таяу Шығыс тілдерінің бірі – иврит. Лингвистер қазақшаға «джүит» деп аударған. Не қылған тіл? Неге иврит? Кімдердің тілі?

Еврейлер туралы естімізі бар ғой, міне, сол халықтың негізгі сөйлейтін тілі боп табылады. Иврит – араб тілінің туысқаны. Иә, бүгінде араб пен еврей жау болса да, екеуі туысқан халық, туысқан тіл. Араб тілінде екеуін «uhtani», яғни, апалы-сіңлілі деп айтады. Семит тілдер тобына жатады. Осы орайда белгілі бір атауларды түсіндіре кетейік: еврей – халықтың атауы. Араб тілінде «ibri». Ал «яһуди» дегеніміз, яғни «иудей» - иудаизмді ұстанатын адамға қатысты айтылады. Енді априори еврейлер – иудей, яғни иудаизмді ұстанады. Иудаизмдегі негізгі қасиетті кітаптары – Таурат/тора. Сол таурат кітабы көне иврит тілінде жазылған.

Еврейлер мемлекетсіз, жерсіз қалып, дүниеге тарыдай шашылып, безіп кетеді. Ресей империясының құрамына кіргендері орысша сөйлеп, Еуропаға кеткендер жергілікті тілдерді игеріп, иврит тілі солай қолданыстан шығып қалады. Бұл тіл олардың танымында тек таураттың, көне кітаптардың ғана тілі іспетті кейіпке еніп қалады. ХХ ғасырда еврейлерге қатысты «ционут», яғни «Сионизм» деген ұғым пайда болады. Қасиетті мекенде «Израиль мемлекетін» құруға мүдделі еврейлердің барлығы барлығы «Сионист» деп аталды. Сионизмнің негізін қалаған Теодор Герцлді тарихтан хабары бар адамдар танулары керек. 1917 жылғы Бальфур декларациясынан кейін дүниенің сан тарапынан бүкіл еврейлер Палестина жерлеріне қоныс аудара бастайды. Осылайша 1948 жылы көп жазықсыздардың қанын төгумен еврейлер ғасырлар бойғы қуғыннан кейін Израиль мемлекетін құрады. Енді мемлекет құрғаннан кейін оның ресми тілі болу керек. Еврейлер ресми тіл ретінде өлген иврит тілін қайта тірілтіп, қолданысқа енгізіп, көне кітаптардан жаңа сөздіктер құрастыра бастайды. Өмірін сол иврит тілін жандандыруға арнаған Бен Йехуданың атақты сөздері бар: «Иври, дабер иврит» - «Еврей, иврит тілінде сөйле». Осылайша бүгінгі таңдағы иврит тілі пайда болған.

Иврит тілі өзінің пайда болуында араб тілінен көп сөздер алған десек болады. Екеуі бір тілдер тобына жататыны бар және одан бөлек еврейлердің өздері де араб тілінің әсерін жоққа шығармайды. Бірнеше сөздерге тоқталып көрейік:

офэк – шекара, шек, көкжиек

котэв – белдеу, полюс

гарбаим – шұлық

тағамдардың қаншамасы арабша атаулардан:

баклава, һэль, хумус, тхина, фалафель, кускус

Сәлемдесулерінің өзі шалом – арабтың сәләм сөзінен. Арабтардың аһлян деген сөзін естіген боларсыздар. Еврейлер соны сәл өзгеше аһалян деп айтады. Соңында кішігірім иврит тіліндегі таныстық сөздері болсын:

Аһалян! Ма нишма? Ма һа-ин яним? Шаним лё раити отха!

Сәлем! Қалайсың? Не хабар? (Не естіліп тұр?) Сені көрмегеніме жүз жыл болды!

Иврит тілінде жазылған сөйлемге қарасаңыз, астында нүктелердің барын көресіз. Ол тура араб тіліндегі секілді харакаттарды береді. (жалғасы бар)  

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 8 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: