09:18 Тіл біл | |
ТҮРІК ТІЛІ Дипломсыз қызмет Өмірді белгілі бір шаблондармен есептеп сүрмеу керек. Алланың рақметі өте кең. Біреудің басында болған жағдай, тап солай сіздің де басыңызда болу керек деген қағида жоқ. Сіздің өз бірегей хикаяңыз бар. Алла Тағаламен байланыс орната отырып, өз хикаяңызды өзіңіз жасайсыз. Оның сүйікті жарын кездестіруінің де артында, Алланың қалауымен, осы түрік тілінің қатысы бар. сол Этноспорт Қауымдастығында жұмыс істеп жүргенде әріптесі болған, өзінің бажасы – Диас Ахметовті кездестірді. Ол өз кезегінде оны өзінің балдызымен таныстырды. Солай бүгінде туысқанға айналып отыр. Бір түрік тілін үйренуі – өміріне түрлі өзгерістер әкелді. Тура сол секілді, алдында не күтіп тұрғанын білмейміз. Тек Аллаға тәуекел етіп, өзіміздің жасау керек болған нәрселерді жасай бермекпіз. Тіл үйренуде, білім алуда адам көп қайрат танытып, өзгелерден артықша әрекет жасауы керек. Біреудің сол нәрсені жасап, сізге үлгі көрсеткенін күтпей, өзіңіз өзгелер жасамаған нәрсені жасап, басқаға үлгі бола аласыз. Қазір магистратурада парсы тілінен беретін ауғанстандық ұстазы бар. Алғаш Түркияға келгенінде түрікше бір ауыз сөз білмеген. Түркияның мемлекеттік бағдарламасымен грант ұтып алып, бакалаврға оқуға түскен. Ол кісінің түрік тілін жетілдірген оқиғасы адамды қайран қалдырады. Күн сайын университеттен шығып, аялдамада сонымен бар білетін түрікшесін салып сөйлеседі. Ол түріктің автобусы келсе, сонымен бірге автобусына мініп кетеді. Сөйтіп сол түскен аялдамадан түсіп, жолдың екінші бетіне өтіп, кері қарай келген автобусымен кетіп, өз үйіне қайтады екен. Тура солай күнде жасаған. Стамбулда біреумен бірге соның аялдамасына дейін бару деген нәрсе, өте батыл іс. Себебі қала – бір басынан екінші басына дейін 175 км-ді құрайды. Салыстыру үшін, Шымкент қаласы мен Түркістан қаласының арасы түзу сызықпен сызғанда 154 км, ал жолмен барғанда 169 км. Яғни, екі жағдайда да Стамбулдың аумағы үлкен боп тұр. Енді сондай қалада, түрік тілін дамыту үшін, кездейсоқ біреудің аялдамасына дейін барып, кейін өз үйіңе қайту үшін, үлкен күш-жігер керек. Қазір сол ұстазы түрік тілінде түріктерден жақсы сөйлейді. Түрікше бірнеше академиялық кітаптар жазған, Мармара университетінің белді оқытушыларының бірі. Бұл мысалдан ұғатынымыз, артықша ыждағат танытып, талмай еңбек еткен жағдайда, көптеген береке есіктерінің ашылатынын көреміз. Сол ұстазы оларға тілді жақсарту үшін, сол тілде сөйлейтін адамды ұстап алып «Кеттік, шай ішейік» деп, шай мен бір тәтті алып беріп, отырғызып пайдаланып практика жасау керек деп кеңес береді. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
