17:50 Тіл біл | |
ТҮРІК ТІЛІ Дипломсыз қызмет Стамбулға жасаған сол алғашқы сапары – естен кетпестей қызықтарға толы болды. Бір рүкзәгін арқалап алып, жалғыз өзі талай жерді шарлап, түрлі адамдарды кезіктіріп, қойын дәптеріне болащақта шығатын «Шығыстанушының жазбалары» атты кітабына көптеген материалдар жинаған болатын. Сондай ерекше оқиғалардың бірі сапарының жиырмасыншы күндеріне қарай орын алды. Оның ашқан онлайн-курсына түрік тілін оқыған Рахат Жақсыбай есімді журналист ағасы Стамбулдағы пәтерінде курс жұмыстарымен айналысып отырған сәтінде WhatsApp-тан хабарласты. «Ассалаумағалейкум, Арсен бей! Біз, бұйыртса, 2 күннен кейін Анталья қаласына Қазақстан Этноспорт Қауымдастығы атынан делегация боп барамыз. Сен қазір Стамбулда емессің бе? Соған жолыңды төлеп бесек, Антальяға бара аласың ба? Әлемдік Этноспорт Конференциясының үлкен жиыны болатын еді. Қазақстан Этноспорт Қауымдастығының президенті – Бекболат Тілеухан ағамыздың жанында жүресің. Кездесу барысында кабиналарда отыратын аудармашылар болады. Сен нон-офишл кездесулер боп қалған жағдайда аударма жасап бере аласың ба? Соны ойланып, қазір 10-15 минут ішінде жауабын айтсаң...» Ол бірден жауабын бермеді. Себебі оған дейін ресми түрік тілінен аударма жасап көрген емес. Студенттік шақтың екінші, үшінші курстарында Астанада араб және ағылшын тілдерінен түрлі аудармашылықы қызметтер жасайтын. Алайда түрік тілінен алғашқы тәжірибесі болмақшы. Кездесу де қарапайым емес, әлемдік деңгейдегі жиын. Ең дұрыс таңдауды оған Алла Тағала таңдап береді деді де, жайнамазы жайып жіберіп, екі бас намазын оқып, дұға етті. Содан бір сенімділік пайда болды да, Рахат мырзаға оңды жауабын берді. Солай бір күн ішінде жиналып, Стамбулдан Анталья қаласына ұшып барды. Тап сол конференция өтетін қонақ үйде тұратқтады. Келе салып, аудармашылық қызметке кірісіп кетті. Түрік тілінен аудармашы болуға шақырған еді, алайда ол өз кезегінде бүкіл білетін тілдерін көрсетіп шықты. Фенгриядан келген делегаттармен кешкі ас кезінде толықтай ағылшын тілінде аударма жасап, Бекболат ағасының жанынан қалмады. Ертесіне таңертең сол уақыттағы Қазақстан Этноспорт Қауымдастығының құрметті президенті – Қайрат Сатыбалды келді. Ол кісінің Түркия президенті – Реджеп Тайып Эрдоғанның ұлы, Әлемдік Этноспорт Конференциясы президенті – Біләл Эрдоғанмен жеке кездесуінде болып, түрік тілінен аударма жасауға қатысты. Катарлық делегаттармен болған кездесуде араб тілінде аударма жасап, ерекше көзге түскен болатын. Ауғанстандық делегаттармен кездесу барысында парсыша қосып, талқылау отырыс кезінде түрікшеден орысшаға аударма жасады. Солайша 2 күндік Антальяға жасалған сапар өте қарқынды өтіп, өзінің келген стмабул қаласына қайта оралды. Алайда кетпес бұрын, Қазақстан Этноспорт Қауымдастығынан, Халықаралық менеджер лауазымына жұмысқа шақырту алды. Ол кезде 20 жасар, әлі диплом жұмысы бітпеген, дипломы қолында емес. Ол кезде де ойлану керек деп бірден жауап бермеді. Міндетті түрде истихара оқып, жақындармен кездесуді талап етті ішкі сезім. Себебі оның ол кездегі мақсаты бірден магистратураға түсіп, шетелге кетіп, ары қарай білімін жалғау болған-тын. Нәтижесінде, араға бірнеше күн салып оңды жауабын берді. Қызметке орналасуына себепті Қазақстанға оралу керек болды да, бір айлық мерзімнен соң елордамыз Астанаға қайта келіп, жұмысқа тұрып, диплом жұмысын сонда аяқтады. Осындай қызық тәжірибенің артына – Алла Тағала түрік тілін себеп қып қойып берді. Себебі бәрі содан бастау алды. Сол үшін де үйреніп жатқан жаңа қабілетіңіз «Маған не береді?» демеңіз. Қайдан білесіз, мүмкін Алла Тағала сол арқылы сізге ризық есігін ашқысы келген болар?! Қолына дипломы тимей жатып жұмысқа тұрған осы бір оқиғасы сізге де шабыт беріп, білім алуға деген қызығушылығыңызды арттыра түсер деген сенімде. (жалғасы бар) баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
