21:36
Тіл біл

ТҮРІК ТІЛІ

Ризығың сені іздейді

Бакалаврының 4-курсының екінші семстрі уақытында, қысқы демалыс кезінде түрлі тілдерден онлайн-курс бастаймын деп шешім қабылдаған болатын. Алайда ол шешімге бірден келмеді. Ұстаздардың кеңесімен, өз білгеніңді артыңнан еріп келе жатқан, тілдер үйренуші және бірінші курсқа түскен талапкерлерге үйретіп, жол нұсқап кет деген соң, жүйесін құрап, ниет етіп, демалысқа шыққан уақытта бастап кетті. Яғни, тілдерді бір күнде үйреніп, ертесіне соны үйретемін деп шыға салмады.

Ең алғашқы онлайн-курстан түскен табысты еш ойланбастан қайта білімге құйды. Керек-жарақ құралдар алып, білім сапарын жасағысы келді. Ата-анасымен келісіп, алдыранына өтіп, баталарын алып, Стамбул қаласына баруды ұйғарды. Алайда курстан түскен табыстың қалғаны, тек бір бағытқа билет алуға жетеді екен. Аллаға тәуекел етіп, сол билетті алып, кете беремін деп шешті. Өміріндегі ең алғашқы өзі еңбек етіп тапқан қаржысына жасаған сапары да сол болатын. Себебі оған дейінгі күллі білім жорықтарын ата-анасы көтеретін.

Солайша, Алланың қалауымен, Стамбул қаласына ұшып келді. Алғаш келген кезде қалтасында бар-жоғы 20 мың теңгедей ғана қаржысы болды. Курстан түскен табысынан қалғаны... Ата-анасынан ештеңе сұрамай, керісінше, елге оралғанда оларға қомақты қаржы ұстатқысы келді.

Стамбулға келген бойда әуежайдан Олжас Ханафин аға-бауыры күтіп алып, өзінің үйінде екі күн қонақ қылды. Ертесіне Ислам Ынтымақтастық Ұйымының конференциясына барды бір досының шақыртуымен. Ол жерде де көптеген жастармен танысып, пікір алмасып, шабыт ала түсті.

Асылында, Стамбулға барған мақсаты, бакалаврының екінші семестрін сонда өткізіп, кітапханаларын аралап, диплом жұмысын жазып аяқтау еді. Қазақстанда болғанда «Ех, шіркін! Диплом жұмысымды Босфордың жағасында ма отырып жазсам, әдемі болушы еді» деп ойланып жүретін. Алла қалауыңды береді демекші, дұрыс нәрселерді де тілей білген жөн екен.

20 мың теңгемен келген оған, ойламаған жерден Стамбул қаласына Орта Азия, ТМД елдерінен медициналық стажировка өту үшін келетін студенттерден, түрік тілі емтиханын қабылдау ұсынысы түсті. Сол кезде Алланың Құрандағы «Кім Аллаға тақуалық танытса, Алла оған шығатын жолды көрсетеді және оны ойламаған жерден ризықтандырады» деген мағынадағы аяттары есіне түсті. Солайша бірден табыс көзі пайда бола қалды. Шынында, ешбір жерге резюме жібермеді, іздемеді. Керісінше, оны іздеп келді. «Алланың саған жазып қойған ризығы – сені өлімнен де қатты іздейді» деген сөз бар. соның куәсі болды.

Кей кезде әлеуметтік желіде бізге түрлі сұрақтар кеп жатады. Солардың арасында «Осындай да осындай мамандықты таңдағым келеді, бірақ ертең жұмыс таба алмай қалмаймын ба?», «Осы тілдерді үйренгім келеді, бірақ ертең табыс табу жағы қалай болады екен?» деген сияқты сұақтар кездеседі. Егер де адам білікті, өз саласын жақсы игерген маман болса, ешқашан жерде қалмайды деп айта алады. Қандай мамандық болмасын... Біздің мақсатымыз – мейлінше өз қабілеттерімізді шыңдай беру. Студент болсаңыз, қазір оқуға мүмкіндік бар боп тұрса, аянбай оқып қалуды ұсынады. Қосымша қандай қабілеттерді игеруге болады, қай жерде біліктілікті арттыратын қосымша курстар бар, қай жерде speaking club секілді, konushma клубтары сияқты жиындар болуда, қай жерде сертификат беріп жатыр, қай жерде қандай бағдарлама ұсынуда деп ізденімпаз боп, таласып тұрсаңыз, сол танытқан қайратыңыздың бәрі алдыңыздан жақсылық ретінде шығады. Оған еш күмәніңіз болмасын.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 10 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: