17:58 Тіл біл | |
ТҮРІК ТІЛІ Input және Output практикасы Қазақ тілін білетін адам түрікше оңай сөйлеп кете ала ма? Иә, салыстырмалы түрде қазақ тілін, қазақ тілінің ережесін жақсы білетін адам үшін түрік тілі оңай игеріледі. Алайда, түрік тілі – түрік тілдер тобына жатса да, туыстас тілдерге қарағанда, еуропалық тілдердің әсеріне көп ұшырап, дыбысталуы тұрғысынан болсын соларға жақындай түскен. Сол себепті көптеген адамдар түрік тілінің дыбысталуларын дұрыс сала алмай жатады. Дыбысталуларды дұрыс сала алу үшін тыңдалым практикасын көп жасау керек. Ескере кететін дүние, тек қана тыңдалым жеткіліксіз. Тыңдаған нәрсеңізді өзіңіз қоса, дауыстап, сыртқа шығарып айтып отыруыңыз қажет болады. Ол нәрсені Input and Output практикасы деп атайды. Input – тыңдау арқылы ішке кіргіземіз, Output – сол тыңдаған нәрсемізді айту арқылы сыртқа шығарамыз. Тыңдаған нәрсемізді қайталап, айту барысында, видеода көріп отырған адамның сөздерімен қоса эмоциясын да қайталауға тырысу керек. Сонда эмоция арқылы тілдің негізгі элементтері бірге шыға бастайды. Ол – түрлі сезімдердің тоғысып келіп, адамның болмысынан хабар беретін шытырман тәжірибелердің бірі болып табылады. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
