09:26
Тіл біл

ТҮРІК ТІЛІ

Арнайы бір ұяшыққа жинап қойған екен. Бірнеше нұсқасын ұсынғысы келеді. мүмкін сіздер де ниет етіп, осы цитаталарды жаттап, түрік тілін игеру саяхатын бастап кетерсіздер...

Diort sheyi yanlish anlamishim:

Ben Allah’I istiyor,

O’nu aniyor,

O’nu biliyor,

O’nu seviyorum.

Sonradan anladim ki,

Benden evvel O beni istiyor,

Benden evvel O beni aniyor,

Benden evvel O beni billiyor,

Benden evvel O beni seviyormush.

Төрт нәрсені қате түсініппін:

Мен Алланы қалаймын, оны есіме аламын, Оны танимын, Оны жақсы көремін. Содан кейін түсіндім... Менен бұрын Ол мені қалайды, менен бұрын Ол мені есіне алады, менен бұрын Ол мені таниы, менен бұрын Ол мені жақсы көреді екен.

Bayezid-i Bistami

Yalnizca Allah,

Size iyileshtirme giuciune sahiptir.

Тек Алла ғана сізді жақсарту (емдеу) күшіне ие.

Kuran'in en faziletli ayeti Bakara siuresindeki Ayetiu’i-kiursidir. Bu ayet bir evde okundughu zaman sheytan oradan uzaklashir.

Құрандағы ең ұлы аят – Бақара сүресіндегі Аятүл Курси. Қайсыбір үйде осы аят оқылса, шайтан ол жерден қашады.

(Tirmizi, Fedailiu’l-Kuran, 2)

Kadinlar zayiftir, ama anneler kuvvetlidir

Әйелдер – әлсіз, бірақ аналар – қуатты

Victor Hugo

Жоғарыда берілген хадис, цитаталар түрік тілін енді оқып бастаған кезіндегі дүниелерден алынды. Яғни, интернеттен алып қоя салмады. Өткен шағымен байланысы бар болғандықтан, үлкен мәнге де ие деп біледі. Осы сынды әдемі сөздерді жаттап, тілдің дәмін сезіп, атмосферасына кіре аласыздар. Байқап, нәзік түрде қарап көрсеңіздер, шынында әр тілдің өзіндік кереметін аңғара бастайсыздар. Тілдерді жай ғана қажеттілік үшін емес, бәлки, ол да бір Алланың берген тілі ғой деген таныммен зерттесеңіздер, өзгелердің сезімін ұғу үшін оқып көрсеңіздер. Ғажайып қырынан ашыла түскенін таба бастайсыздар.

АҚШ. Халықаралық студенттермен бір көлікте келе жатыр. Дүниенің әр жағынан келген адамдардың ішінде орыстар да, түріктер де бар еді. Орыстар өзара орысша сөйлесіп, арасында күлісіп жатыр. Түріктер де тап солай. Орыстар өз тілдерінде түріктерді мазақтап, қатты-қатты күлуде. Түріктер тараптан да «Осы орыс халқын еш сүймеймін, ұнатпаймын» деген сздерді естіді. Арада екі жақтың да тілін білетін ол, сырттан бақылап, ой елегінен өткізе, өзінше саралап отырды. Орысы да оны қазақ деп ойлаған жоқ. Қытай немесе малайзиялық біреу деп ойласа керек. Ол да орысша түсінбей отырған, екі көзі бақыайған қиыр шығыстық адамның түрін жасап алды. Түріктер де оның түрікше білетінінен бейхабар-тын. Ең қызығы, сол жердегі орыстардың бірі түріктерге қарап, ағылшынша сөйлегенде сыпайылық танытып, дауыс ырғағы да өзгеріп сала берді. Түрік те оған ағылшынша жауап қатқанда күлімсіреп, сыпайы бола қалды. «Тілін білгеннің – сырын білесің» деген сөздің өмірдегі үлгісін сол жерде көріп білгендей болды. (жалғасы бар)  

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 8 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: