09:07
Тіл біл

ТҮРІК ТІЛІ

Түрік тілімен таныстық өмірінің сондай кезеңінде орын алды. Түркітану бөлімінде оқитын досы оны өздерінің түрікше konushma (speaking) клубына қонақ ретінде шақырды. Тап сол күні клубқа түркия Республикасының Білім Министрі қонақ ретінде келеді екен. Ол туралы тіпті оны шақырған досы да білген жоқ. 2018 жыл. Ол ол кезде түрікше бір ауыз сөз білмейтін. Министр келді. Барлығы бір-бір сөйлеммен, түрік тілінде Минстрге өздерін таныстырып шықса деді. Кезек оған келген кезде «Ассаляму'алейкум марратан ухра, ана Шади Арсин мин қисмид-дирасатиш-шарқия, ана лә а’рифу луға туркия» деп арабша сайрап салды. Ең қызығы сол жерде болды. Бір елдің білдей Министрі оған арабша жауап берді. Ол жерде басқа ешкім араб тілін білмейді. Содан да болар, Министрдің көңілі оған ерекше ауа түсті. Түрік тілі konushma клубында, екеуінің арабша сөйлесіп жатқандарға бәрі таң боп қарап тұрды. Сондағы айтқаны: «Мен Шығыстану бөліміненмін. Түрік тілін еш білмеймін. Аздап түсінгендей боламын. Бірақ қазір тым қиын түсіну. Алайда қазір түсінбесем де, ин ша Алла, келесі кездескен кезімізде түрік тілінде сөйлесетін боламыз сізбен». Министр ерекше жадырап кетті де, сол жерде оған бәрінің көзінше батасын берді. Түрік тілінде берген батасын түрікше білмесе де түсініп тұрды.

Өмірде кездейсоқтықтар болмайды. Ешқашан өзін түркиямен, түрік тілімен байланыстырып көрген емес еді. Алайда сол бір кездесу, сол жерде айтылған сөздер, дұға-тілектер қабыл болып, араға жылдар салып Анадолы жерінде, ғасырлар бойы Ислам әлемінің астанасы болған Стамбул қаласында магистратурасын жалғастыруға әкелді.

Көпшілік адам түрік және корей тілін жұмсақ күш – мәдени ықпал, соның ішінде фильм және сериалдардың әсерінен үйреніп бастайды. Оның жағдайында оқиға өзгеше өрбіді. Алғаш себеп болған фактор – үйде хаққысы өтелмей, оқылмай тұрған «Hac ve Umre» кітабы еді. Содан түрік тілін үйренуге тиянақты кірісемін деп шешті. Ол уақытта университетте араб тілімен қатар, екінші шығыс тілі ретінде парсы тілі пәні де қосылған болатын. Ағылшын тілін есепке алмағанда, бір мезетте үш тілді игеру процесі жүріп жатты.

Бүгінде әлеуметтік желіде көптеген тіл игеруге қызығушы жандар «Бірнеше тілді қатар игеруге бола ма?» деген сауалдар жолдайды. Өз комфортыңызға қарай көрген дұрыс болады деген жауапты бергісі келеді. оған, мәселен, қосымша тілдер ретінде парсы мен түрік тілін қатар игеру өте қолайлы болды. Себебі араб, парсы, түрік тілдерінде ортақ сөздер өте көп. Сөзсіз, олардың бәрін байланыстырып тұрған Ислам мәдениеті. Шығыс әлемінің классикасы – «1001 түн» хикаясында араб, парсы, түрік тілдерін қатар білу аббаси халифаты кезеңінде өте қалыпты жағдай болғандығы баян етіледі. Халықтың басым көпшілігі сол 3 тілді қатар білгендіктен, тұрмыста түрлі сөздердің алмасуы заңдылық боп табылады.

Ол түрік тілін игерудегі өзгеше қадамнан бастады. Алғашында түрік тіліндегі өзіне ұнаған цитаталарды сөзбе-сөз аударып, мағынасын шығарып, түрікшесін жаттап алып, университетке барып-қайтқан жолда, үзілістерде айтып жүретін. Сол нәрсе ерекше ләззат сыйлайтын. Өзін түрлі тілдерде еркін ойын жеткізіп, сайрап жатқан адам ретінде елестететін. Яғни, жай ғана қиялданбады. Күн сайын үздіксіз әрекеттер жасаумен болды. Әр күні бір цитата немесе хадистің түрікше аудармасы, ғалымдардың сөздері сияқты нәрселерді жазып, жаттап жүрді. Тұрақты түрде.

Процесс іш пыстырарлықтай болмады. Себебі өзіне ұнайтын сөздерді жаттайтын. Оның және бір әдеті – мұрағатта бұрынғы естеліктерді, материалдарды сақтап жүреді. Ноутбугін ақтарып отырып, сол кезде алғаш жаттаған цитаталарын тауып алды...(жалғасы бар)  

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 4 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: