18:29
Тіл біл

ТІЛДІК ТОСҚАУЫЛ

Ал енді қандай д бір тілді игергенде, әлбетте, тілдік тосқауыл болады. Бірақ көп жағдайда ол тосқауыл эмоция деңгейінде көрініс табады. Байқасаңыздар, біздің тіл игеру кезіндегі қиындықтардың белгілі бір деңгейде физикалық денемізбен байланысы болады. Ол әдетте адамның тамақ тұсы немесе басы, я болмаса іші. Мәселен, бір сөзді есіңізге түсіре алмай жатасыз, қиналасыз, «тілімнің ұшында тұр» дейсіз... Сол кезде адамның мойын-тамақ тұстары әрекетке түседі. Есіңізге түсіріңізші! Сезіндіңіз бе? Немесе басыңызды төмен қаратып, қолыңызбен ұстап есіңізге түсіруге тырысасыз. Ал адамның ішіне әсер беретін кез – ол бір нәрсені қате айтып қоямын ба деп айналасындағы адамдардан ұялған кезінде болады.

Ондай сипаттағы алаңдаушылықтардан арылуға арналған тыныс алу және ритмикамен байланысты медиативті тәсіл бар. оны академиялық деңгейде ілеспе аударма жасайтын адамдарға үйретеді. Терең тыныс алдың. Демді шығардың. Толқуды бастың. Екі бетті жеңіл түрде шапалақпен ұрдың. Іске кірістің.

Тіл игеруде ритмика өте маңызды. Ритмикасынан ләззат ала білу керек. Бір ұғыну керек нәрсе – дұрыс сөйлеуден бұрын бізге комфорт, ыңғайлылық керек. Игеріп жатқан тіліңізде сөйлегенде комфортты, ыңғайлылықты, еркіндікті сезіне алуыңыз қажет. Оны қалай түсіндіруге болады?

Кішкентай кезіңізді есіңізге алыңызшы. Сіз сөйлеп бастағанда әке-шешеңіз, я айналадағы адамдар: «Жоқ! Септік жалғауын дұрыс жалғамадың. Қате сөйлеп жатсың», - десе, сөйлеп кете алар ма едіңіз, белгісіз. Керісінше, біз кез-келген сөйлеуге тырысқан, тілі шығып келе жатқан балалардың бәрін мақтап, қолдау білдіріп, демеп жатамыз. Сонда әлгі бала еркіндікті сезеді, тілдегі комфортты сезеді. Бала қате сөйлесе де, сөздерді жұтып сөйлесе де соған қуанып, қызығушылықпен ләзат алып сөйлейді.

Қарап тұрсақ, өмірде қызығушылықпен кіріскен істерімізде белгілі бір нәтижелер көрсетіп жатамыз. Ендеше сол қызығушылық тіл игеруде де қажет.

Ағылшын тілі – өте әсем, әдемі тілдердің бірі. Мұсылман адам ретінде, бүкіл тілдердің Алладан екеніне сенеміз. Адамзаттың қай тілін алсақ та, ешбірін жаман деуге қақымыз жоқ. Тілде көркемдік бар, оның қойнауында тарих жасырынған, адамдардың сезімі жатыр, ой-пікірлерін қамтитын бір сана бар. тіл білу арқылы ғажап есіктер ашыла түседі. Тек қана терең таныммен қарай білсек болғаны.

Өмір тым қысқа. Әр уақытымызды текке жібермей, пайдалы білімдер алуға жұмсап, өзге адамдарға нұр шашып жүруге әрекеттенсек. Сізден талап етілетін нәрсе – тек қана әрекет. Мұсылман адамның өмірлік ұстанымдары осындай болу керек деп түсінеміз.  

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 12 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: