16:52
Тіл біл

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУШІГЕ КЕҢЕСТЕР

1. Күнделік арнау

Үйреніп жүрген тіліңізде күнделік арнап, күніңіздің басталған сәтінен ұйқыға жатқан кезге дейінгі әрекеттеріңіздің барлығын жазып шығасыз (мысалы, ағылшын тілінде). Жазу барысында кішігірім нәрселерді де жаза беру керек (қандай тіс пастасымен тісіңізді жудыңыз, таңғы асқа дайындаған тамақтың құрамы және т.б.). Бұл нәрсе едәуір көп сөзді пайдалануға мүмкіндік береді. Сөздер өз өміріңізде көрініс тапқан соң, олардың жадыңызда сақталып қалу ықтималдығы жоғары болады.

 

2. Сөйлемдер жаттау

Сөздерді сөйлемдер арқылы жаттау – өз пркатикамыздан өткерген тәсілдерден. Белгілі бір тіл оқытуға арналған кітаптардың ішінде келетін дайын сөйлемдерді жаттап жүрсеңіз, кейін сол тілде сөйлесу барысында, жаттаған шаблонды тіркестер, сөйлемдер өздігінен шығып отырады.

 

3. Үйреніп жүрген тілде фильм немесе мультфильм қарасаңыз, оны оқу процесіне айналдырып алыңыз.

Тіл үйренуші адам әр уақытын тиімді пайдаланады деп білеміз. Тіпті тамашалап жатқан туындысынан максималды пайда көріп қалуды көксейді. Минут-минутқа бөліп, сондағы естіген сөздерді дәптерге жазып, сөздерін жеке-жеке аударып, мағынасын шығарып алса, сол бір минуттық үзіндіні қайта қарағанда 100%-ға түсінетін болады.

Тіл игеруде септігін тигізетін және бір тәсіл – сол игеріп жатқан тіліңізде ойлана білу. Әлбетте, әуелі ойыңызға қазақша, я орысша сөздер келуі заңдылық. Алайда, ақырындап игеріп жатқан тілде ойлануға бейімделуге болады.

Дәл қазіргі сәтте, осы жазбаны оқып отырғанда сіздің ойыңызда бір дүниелер бар. көлікте отырғанда, дастарқан басында отырғанда әркім әртүрлі нәрселер ойлап отырады. Сол ойларды игеріп жатқан тілге алмастыруға кеңес береміз.

«Мен қазір шай ішіп отырмын. Енді нанды алып үзіп, тістеп жеймін. Алдымдағы майды жағып...» деген сынды қарапайым үрдістердің күллісін үйреніп жүрген тіліңізге алмастырыңыз. Бірнеше күннен кейін ол процесс қайталанған кезде, дастарқан басында сіз соны үйреніп жүрген тіліңізде қиналмай ойлана аласыз.

Ешкім жоқ кезде өзіңізбен өзіңіз сөйлесіңіз. Әуелі айналаңыздағы заттар туралы айтып бастасаңыз болады. Мәселен, бөлмеңіздегі жастық. Сол жастықпен не істеуге болады, түсі қандай, қалай пайдаланады... соның бәрін игеріп жүрген тіліңізде айтыңыз. Қажет болса жазып алғаныңыз жөн болады.  

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 4 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: