23:35 Тіл біл | |
АҒЫЛШЫН ТІЛІ IELTS-қа дайындық барысында сөздік қорды қалай арттырды? Ноутбугын ашып, естіген, кітапшалардан көрген жаңа сөздерді word-қа теріп жазып, интернеттегі онлайн-сөздіктерден сол сөздердің ағылшын тіліндегі түсіндірмелерін көшіріп, асықпай оқып шығатын. Қандай да бір тілді үйрену барысында, мамандар кеңес береді, ең жақсы сөздік, сол тілдің өзінде түсіндірмесі берілген сөздік. Мәселен, араб тіліндегі сөздердің арабша түсіндірмесі жақсы, ағылшын тіліндегі сөздердің ағылшынша түсіндірмесі жақсы. Тура солай өзі білмейтін сөздерден өзіндік сөздік құрап шықты. Оны pdf форматқа айналдырып өзінің электронды қалта кітабы – Kindle-ға өткізіп, автобуста, көшеде, кофеханада отырып қайталай беретін. Өзіңіз құрастырған сөздіктің артықшылығы сол, тек өзіңіз білмейтін сөздерді жаттауға ғана уақыт құртасыз. Ал жалпы сөздіктерде сіз білетін сөздер көптеп кездесіп, оны жаттаудың мәнісі жоқ деп, ұзаққа бармауыңыз мүмкін. Ағылшынша түсіндірмесі, сіз ойлағаннан да жеңіл, түсінікті. Интернет желісіне кіріп, іздеу бөліміне білмей тұрған сөзіңізді (мысалы, abandon) жазасыз да, жанына «meaning» деп жазсаңыз болғаны, сонда (abandon meaning) дегенде, сізге миллиондаған жауаптарды тізіп береді. Осылай ағылшынша түсіндірмесімен оқыған сөзіңіз миыңызды қинамай сөздерді жаттауға көмектеседі. Pen-қалам, рen-қалам, рen-қалам... – деп сөздерді мың қайтара қайталап қажет емес. Адамның ең үлкен көмекшісі – түсінік. Адам түсінген нәрсесін ұмытпайды. IELTS тапсыруға ниеттеніп жүрген адамға тағы бір лайфхак кенесі болсын. Сөздерді әр күнге жазған дұрыс. Мысалы, бүгін білмеген сөздеріңізді бір тізіп, оны бөлек файл етіп, ертесіне басқа файлға бөлек тізім жазып. Сонда орта есепте бір күнде қанша сөз жаттай алатыңызды анықтап отырасыз. Ол нәрсе өз кезегінде ары қарай келесі деңгейге шығуға көмектеседі. Деңгейі жоғары, академиялық сөздер санатындағы сөздерді тікелей сөзбе-сөз аудармасынан есте сақтап қалу қиындық тудырады. Сол себепті де аталған тәсіл ең оңтайлысы. Бұл сөздер не үшін керек? IELTS тестінің сөйлеу және жазу бөлімдерінде үлкен көмегін береді. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
