00:01 Тіл біл | |
АҒЫЛШЫН ТІЛІ IELTS 7.5 Қалай дайындалды, сол туралы жазайық. Өзіне дайындық үшін тек 1 ай арнады. Асылында, ол аз уақыт. Алайда егер өзіңіздің ағылшын тілі біліміңізді жоғары бағаласаңыз, 1 айда дайындалу мүмкін нәрсе. Солайша ол алдын ала тесттің құнын төлеп (ол тапсырған кезде Academic IELTS құны 64000 теңге болды), күнін белгілеген болатын. Сонда нақты бір ай ғана уақыт болды. Тесттің құнын төлеп қойған соң да артқа жол болмайды. Бүкіл Listening, Reading, Writing-ке қатысты IELTS кітапшаларының соңғы нұсқаларын тауып, парақ жүзінде шығарып алдым. Speaking-ке қатысты қандай сұрақтар, тақырыптар бар, оларды да топтастырды. Себебі сөйлеу жағынан тым қиындық болмасына сенді. Ақшам намазының уақытынан кейін (күн батқан соң) кешкі ас ішіп, ұйқыға кететін. Сосын түннің ортасында таң намазына дейін оянады. Сонда негізгі ұйықтау керек фазаны ұстап, миын жақсы тынықтыра алатын. Түнгі құлшылықтарды орындап болған соң, IELTS-тің Listening бөлімі мен Writing бөлімін уақыт тағайындап қойып, арнайы кітапшамен орындайтын. Таңғы сағат 10:00-11.00 шамасында бір кісімен келісіп, бірге жаттығантын. Ол адам өзі IELTS бірнеше мәрте тапсырған, содан осымша сабақ беретін, өз нәтижесі 8.0 балл етін. Оған ол кісіден Writing-тен көмек керек болатын. Себебі ол үшін қиын бөліктерінің бірі – сол секция. Ол кісімен күніне 1,5 сағат дайындалып, үйге келіп, міндеті түрде түскі ұйқыға жатады. Түскі ұйқы – Ислам дінінде сүннет амалдардың қатарында. Ал сүннеттегі амалдардың хикметі, пайдасы өте зор. Қандай да бір дүниелік мақсаттарға жету жолында талпынып жүрген кезде, рухани аспектілерді қалыс қалдырып қоймау қажет деген болар едік. Түскі ұйқыдан тұрғаннан кейін кішкене бой сергітіп, УouTube-тан speaking бөлімін тапсырған адамдардың толық сұхбаттарын қарап, солардың бәрін сөзбе-сөз Word-қа теріп шығатын. Бір ескеретін жайт, Speaking-тан тек жоғары балл алған адамдардың ғана сұхбаттарын тыңдаңыз. Егер де төмен балл алған адамдардың сұхбатын тыңдап, олардың сөздерін жазар болсаңыз, қателерін де көшіріп жазып лаған боласыз. Олардың сұхбаттарын сөзбе-сөз жазып алғандағы пайдалардың бірі – дайын сөз тіркестерін, сөздерді орын-орнымен қолдануды, ойды дұрыс жеткізуді үйренесіз. Одан кейін IELTS-тің арнайы академиялық сөздік қоры бар: access, accurate, achieve, analyse, aspect, assist деген сынды сөздермен өмірінде бір рет болсын осы тестке дайындалған адамдар таныс болса керек. Бұл сөздердің толық тізімін оңайлықпен интернет желісінен таба аласыздар. Кешкі уақытта осы сөздердің 10-15 шақтысын пысықтап, сөйлемдер құрап, жаттайтын. Осылайша бір күнде IELTS-тің бүкіл 4 бөлімін қамтып шығып отырды. Жүйенің болуы және сол жүйемен жүріпо тыру маңызды. IELTS-қа дайындық кезінде дәстүрлі садақ атудан жаттығуға барып жүрді (ол да сүннет амал). Осындай миға салмақ салатын, интеллектуалды қысым кездерінде, қосымша бой сергітетін бір істеріңіздің болуы қажет. Себебі тек қана оқумен шұғылдану – адамды зорықтырып жіберуі бек мүмкін. Осындай жүйемен бір айлық дайындықпен IELTS-тан 7.5 балл алды (ең жоғары балл 9.0). Әр бөлім жеке бағаланады және соның ортақ нәтижесі шығады. Ода:
(жалғасы бар) баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
