09:02 Тіл біл | |
АҒЫЛШЫН ТІЛІ Ертесіне Дубайға келіп, өз қонақ үйіне жайғасты. Контраст. Қарапайым жердегі адамдарда адамшылық көптеу секілді көрінді. Ал жарқыраған қонақ үйде кісіліктің көрінісі көптеу. Ол конференцияға әлемнің сан тарапынан көптеген жастар келді. Керемет нетворкинг, достық қарым-қатынас орнады. Бүгінге дейін олардың көпшілігімен әлі байланыста. Сол конференция басталмас бұрын, Абу-Дабидің билеуші әулетінен болып табылатын Шейх Мансур бин Зайд Әл-Нахаянмен, аргентиналық Марадонамен бірге бір бөлмеде дәмдес болып, жеке сұхбаттасты. Әлеуметтік желідегі парашасында суретін де жариялаған болатын. Халықаралық қатынастар саласының студенті үшін ол таптырмас мүмкіндік еді. Тілдер үйреніп, әлем кезудің осындай қызықты тұстары өте көп. Жаңа таныстықтар, қарапайым халықтармен араласу, достар табу, үлкен орталарда болу және т.б.
IELTS 7.5 IELTS – International English Language Testing System (Халықаралық ағылшын тілінен тестілеу жүйесі). Ана тілі ағылшын тілі болып табылмайтын адамдар үшін ағылшын тіл білімінің деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін, әлемде мойындалған, ең беделді тестілеу жүйесі. Тестілеу 4 категория бойынша жүреді: Listening (тыңдау), Reading (оқу), Writing (жазу), speaking (сөйлесу). Шетелдік университетке тапсыруға, шетелдік жақсы компанияда жұмыс жасауға, шетелдік тәжірибе алмасудан, біліктілікті арттырудан өтуге немесе ағылшын тілінде сөйлейтін (Ұлыбритания, канада, Аустралия, Жаңа Зеландия) елдерге қоныс аудару үшін талап етілетін негізгі құжаттардың бірі ретінде – осы IELTS нәтижесі сұралады. Қазақстанда IELTS тек 2 жерде тапсырылады: 1. British Councli; 2. InterPress. Тапсырып болғаннан кейін сізге сертификат беріледі (қандай нәтиже көрсетсеңіз де). Ол сертификаттың жарамдылық мерзімі 2 жыл. Сертификат – әлемнің 145 елінде ресми жарамды. Бүгінде IELTS тестін екі түрлі жолмен тапсыруға болады:
Екеуінің айырмашылығы неде? Paper-based түрінде Listening, Reading, Writing секциялары парақ түрінде беріледі. Арнайы жауап жазуға арналған «Answer sheet» парақшасы болады. Listening (тыңдау) – 4 бөлімнен тұрады. Аудиотаспалар бір мәртеден ғана тыңдатылады. Жалпы саны 40 сұрақ беріледі. Алдыңыздағы қағазға жауаптардың барлығын белгілейсіз. Аудиотаспалардың ойнатылуы шамамен 30 минут уақытты алады. Қалған 10 минут уақыт жауаптарыңызды жауап қағазына алмастыруға жұмсалады (ҰБТ-дағыдай). Reading (оқу) бөлімінде 3 мәтін беріледі. 3 мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беруге 60 минут уақытыңыз бар. сұрақтар саны – 40. Мәтіндер оңайдан басталып сәйкесінше қиындай береді. Бұл бөлімде Listening бөліміндегідей жауаптарды жауап қағазына өткізуге қосымша уақыт берілмейді. Барлығын жалпы уақыт ішінде үлгеру қажет боласыз. Writing (жазу) бөлімінде 2 эссе жазу керек. Бірінші эссе кемі 150 сөзден құралуы шарт. Екінші эссе кемі 250 сөзден тұруы қажет. Юұл бөлімге де сізге 60 минут уақыт беріледі. Computer-delivered түрінде жоғарыдағыдай парақ болмайды. Барлығын компьютерде тапсырасыз. Бірақ, қатаңдық, тексерістің барлығы да бірдей. «Читерство», «шпор қарау» сынды дүниелерге жол берілмейді. Экзаменаторлар ары-бері қадағалап жүреді. Егер ұсталсаңыз, шығарып жібереді. Ақшаңыз босқа күйіп кетеді. Сондықтан тыңғылықты дайындалып, біліммен кірген жөн. Егер компьютермен дос болсаңыз, тез тере білсеңіз, сол формат ыңғайлы деген болар еді. Оның жағдайында солай болды (компьютермен тапсырды). (жалғасы бар) баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
