12:03
Тіл біл

АҒЫЛШЫН ТІЛІ

АҚШ-қа ұшып келген бойда паспорт үстелінде отыратын американдық офицермен керемет сөздері жарасып кетті. Паспортын алды. АҚШ-қа не мақсатпен келгенін сұрады. Бір уақытта әңгімесін орысша жалғастырды. Ол болса таңданып, әңгімесін жалғай түсті. Паспорттағы араб елдерінің визасын көріп, бір уақытта офицер мырза арабша сөйлейбастады. «Потолок» сол кезде болды. Ол оның тілдер білетінін мақтап, ол оның тілдер білетінін шок боп, кереметтей көңіл-күймен ары қарай өтіп кетті. Білімді, өз ісін жақсы көңіл-күймен жасайтын адамдарды әрдайым құрмет тұтады. Егер халықаралық қатынастар тұрғысынан қарайтын болсақ, паспорттық бақылау бекетінде ондай адамның отыруы жай емес. Елге келген адаммен жылы сөйлесу арқылы, ол адамды толықтай бір сараптап өтеді. Жалпылама пікірі қандай, қауіптенуге бола ма деген сынды анализ жасайды. Алдыңғы қатарлы мемлекеттерде практикада қолданылатын әдіс. Қалай болғанда да жаңа елге келген кездегі бірінші әсерді сол офицердің өзі қалыптастырып тастады.

Джон Кеннедидің әуежайынан шыққаны сол еді, алдынан бір кәстөм-шалбар киген ер адам тап болды. Қаланың орталығына жетуі керектігін, метро көрсетіп жіберуін сұрады. «Жүре ғлй», - деп соңынан ертіп кетті.

Автотұраққа келді. Яемоданын алып үлкен қара «Chevrolet Suburban»-ға салып жатыр. Ол деген аң-таң боп тұр. «Жоқ, маған метро керек» десе, «Мен сені тез жеткізіп саламын», - деп отырғызып алып кетті. Бір жағынан «Келе салып ақшасыз қалып кетпейін», - деп қалтасындағы ақшаны да ойлап тұр.

Сөйтіп «Queens» деген ауданға қара джиппен кіріп келді. Ол деген «VIP күтіп алу» екен. 50 доллар қағып алды. Әлі ол жақтағы тарифтерді, шығындарды білмей жатып, қалтасынан 50 доллар шығып кеткеніне кішкене күйініп те тұрды. Ақыры не болса да Алла далада қалдырмайды деген сенімге бекініп алды.

Куинстің көшелерінде чемоданын сүйретіп, баруы керек болған үйді таппай 1,5-2 сағатқа жуық жүрді. Қарны да ашты, мазасы да біраз қашты. Байланысқа шығайын десе телефонында жергілікті сим-карта жоқ. Хабарласа алмады. Көшедегі адамдарды тоқтатып көмек сұрауға тырысты. Сөйтсе тап сол көшеде иудей-еврейлер көп шоғырланған екен. Өмірінде алғаш көруі. Үлкен синагога (Синагога – иудейлердің ғибадатханасы). Көшеде көптеген жастар бастарына кипа (Кипа – иудейлердің діни бас киімі) тағып алған. Өзін аздап ығайсыз сезіне бастады. Арабтану бөлімінде оқыған Араб-Израиль соғыстары есіне түсіп, қазір біреу оның мұсылман екенін білсе, жабыла кетердей сезімде болды. Ал, шын мәнінде, бәрі де өз шаруаларымен кетіп баа жатқан адамдар еді.

Енді осы орайда тіл білгеннің артықшылығын атғы да тілге тиек етеміз.

Үмітсіз шайтан деп, дұғаларын айтып, шабаданын сүйретіп келе жатқанда бұрышта тұрған бір клиниканы көрді. Көмек сұрармын деген ниетпен сол клиникаға кірді. Ресепшндегі телефоннан хабарласамын, болмаса Wi-Fi қосып берсе, WhatsApp арқылы баруы керек үйдің иесіне байланысқа шығамын деп ойлады. Ресепшнде бір қара нәсілді американдық тұрды. Жақындап келіп, өзін таныстырып, жағдайын түсіндіріп айтты. Ол оған бүкіл сұраған нәрсесін қосып берді. Алайда ол үй иесімен байланыса алмады.

Есіктің алдында басының салбырап тұрғанын көрген қара нәсілді американдық ресепшндегі орнын тастап, онымен бірге көшеге шығып, мекен-жайды іздеуге кірісті. 15 минут шамасында қарағаннан кейін, мекен-жайдың қате берілгенін білді. Айналып жаңағы клиниканың ресепшніне оралды. Кіреберіс жерде отырып, Wi-Fi-ды пайдалануға рұқсат сұрап, елмен байланысып алайын деді. (жалғасы бар)  

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 9 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: