20:42 Тіл біл | |
АҒЫЛШЫН ТІЛІ Бірінші этапта затты өзіңіздің сезу мүшелеріңізбен сезіп, атауын дауыстап айттыңыз. Кейін біраз өстіңіз де сөздерді жазуды үйрене бастадыңыз. Қисық-қисық әріптермен «Д оП» деген секілді жаза отырып, ішіңізден «доп, доп» деп қайталап отырдыңыз. Екінші этапта сөзді жаздыңыз әрі айттыңыз. Енді күндердің күні оқуды үйрендіңіз. «Анасы баласына әдемі доп сыйлады» деген сөйлемді оқып отырып, өзіңіздің сүйікті добыңызды елестеттіңіз. Бұл этапта не істедіңіз? Жазылған сөзді оқи отырып, миыңызда бір бейнені елестеттіңіз. Сөз жаттаудың үшінші этапы – осы. СӨЗ айналасында: ЕЛЕСТЕТУ, КЕЙІП, БЕЙНЕ (1 этап) – АЙТЫЛУ (2 этап) – ЖАЗЫЛУ (3 этап) Енді осы схеманы ағылшынша бір сөзге пайдаланып көреміз. Мысалға, 1window» сөзін аламыз. Оның аудармасы – «терезе», айтылуы – [‘windәu]. Көрсетілген схема бойынша жүретін болсақ, бірінші этапта біз сөздің аудармасын және оның айтылуын қайталап, жаттауымыз керек. Екінші этапта сөздің айтылуы мен оригинал өзін жаттаймыз. Оригинал өзін визуалды түрде жаттау не үшін керек№ кейін сол сөзді дұрыс жаза алу үшін, әріптерінің ретін дұрыс білу үшін. Сосын барып үшінші этапта сөздің оригиналы және қазақша аудармасы кетеді. 1-этап: терезе – ‘windәu 2-этап: ‘windәu – window 3-этап: window – терезе Егер де ағылшын тіліндегі сөздерді осы схема бойынша жаттайтын болсаңыздар, жаттаған сөздеріңізді кез келген уақытта, кез келген сағатта оңай пайдалана алатын боласыздар. Әр этапты тыңғылықты пысықтап, жақсылап жаттау керек. Сөз жаттау тәсіліне қатысты 3 негізгі қағида:
Біз әдетте бәрін керісінше жасаймыз. Сөздік дәптерімізге сөздерді жазған кезде ағылшынша сөзді, ортасына транскрипциясын, сосын қазақша аудармасын жазамыз. Сосын сол реттілікпен жаттап шығамыз. Нәтижесінде біз ағылшынша сөздің аудармасын сол сөзді көрген кезде немесе естіген кезде ғана есімізге түсіре аламыз. Ағылшынша мәтіндерді оқимыз, оңай аударамыз. Тіпті ағылшын тілді адам сөйлеген кезде де оңай түсіне аламыз. Алайда өзіміз сөйлеуге келгенде ештеңе айта алмаймыз. Ал тілді еркін білу деген нәрсе – кез келген жағдайда өзіңізге керек сөзді есіңізге түсіріп, сол сөзді пайдалана білуден көрініс табады. Ал енді миымызға бірақ ақпараттық салмақ салғаннан кейін, осы бөлімді демалып отырып оқиық. Бір кесе шай немесе кофеңізді дайындап алғайсыз. Ыңғайлы жерге жайғасып, жақсы көңіл күймен кіріссеңіз, алар әсеріңіз де ерекше боларына сөз береді. Солайша әрбір сәттен өзінше ләззат ала отырып, кішкентай ғана кітап оқу процесі арқылы жаныңызды тынықтырасыз. Америка Құрама Штаттары. Нью-Йорк қаласы. Жазғы студенттік оқу бағдарламасымен келіп, 4 ай керемет өмірлік тәжірибе алған кездерден сыр шертеді. АҚШ-қа келмес бұрын оның виза алу тарихы да өз алдына оқиға болған-тын. Елордамыздағы АҚШ елшілігінде оны Rebecca есімді консул қабылдады. Сұхбат ағылшын тілінде. Оның құжаттарын парақтап отырып Марокко, Сауд Арабиясы Королдіктерінде болғанын көріп, ол жақтарға не үшін барғанын сұрады. Артынан араб-парсы тілдерін үйреніп жүргенін транскриптінен аңғарды. Көңілінде күдік көбейді ме, виза берген жоқ. «Бір апта көлемінде әкімшілік тексеріс болады. Содан кейін нақты жауабын аласыз», - деп, қолына ақ қағаз ұстатты. Бір аптадан кейін оңды жауап келіп, АҚШ-қа баратын болды. (жалғасы бар) баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
