00:15
Тіл біл

АҒЫЛШЫН ТІЛІ

Осынша уақыттан бері түрлі тілдерден сабақ беру барысында көптеген ададмармен жұмыс жасады және әлі де жасап жүр. Оған келген адамдардың арасында берілген нәрселерді есте сақтай алмайтын жандар да кездеседі. Оның негізгі себебі, әсіресе, сол 1-6-сынып аралығында миды қозғап, көп оқымағаннан, тақпақтар жаттап, сабаққа көңіл бөлмегеннен деген тұжырымға келді. Адамның қабылдауы, зейіні әрқалай деп те айтамыз. Алайда балаларымен уақытылы жұмыс жасап, қадағалап жүретін ата-аналардың перзенттерінің қатарынан алды боп, оқ бойы озып тұратынын да көріп жүрміз.

Тілдік мектепте өте жақсы оқыды. Мұғалімдердің бәрі оны өте жақсы көрді. Аты-жөнінің ерекшелігі де рөл ойнайтын. Бүгінге дейін сол нәрсе адамдардың назарын ерекше аудартып жүреді. Түркияда Мармара университетіне магистратураға түсіп жатқан кезінде де интервью юарысында түрік деканы аты-жөнінің мән-мағынасын сұрап, ерекше назарын аудартқандығын тілге тиек еткен болатын.

Мұғалімдердің жақсы көргендігі туралы жазғаны, ол нәрсенің маңыздылығынан. Оң қабақ танытатын, жылулық бар жерде оқыған бала – өзін ерекше сезініп, одан сайын оқуға ынтасы ашыла түседі.

Ата-анасының еркінен тыс қосымша тіл мектебіне беруі – оның кейінгі өміріне де үлкен әсерін тигізді. Алғашында еркінен тыс болса да, кейін оның өмірлік жолына айналды. Тіпті бүгінгі кейпінің бастауы да сонда жатыр. Сол арқылы өз бағытын тапты. Ата-ананың өз баласымен жұмыс жасауы, перзентін тануы, зерттеуі, ашылуына мүмкіндік жасауы өте маңызды екенін осы жерде де жаза кетуді жөн санады.

Өз бетімен кез келген тілді үйреніп кету үшін адамға тұрақтылық қажет. Алайда кішкентай баланы айтпағанда, тіпті ересек адамның өзінде білім алу дисциплинасы, тәртібі жоқ. Сол себепті де ағылшын тілін енді үйреніп бастап жатқан болсаңыз, дұрыс жүйесі бар ұстаз табуыңыз қажет. Ол алғаш барған тіл мектебінде ағылшын тілін үйренуші адамдардың бәріне таныс Oxford университетінің «Headway» кітабымен оқып бастады. Кітаптың ерекшелігі сол – кітаптан бөлек арнайы кітап форматындағы жұмыс дәптері болатын. Сабақ бірден грамматикалық түсініксіз атаулардан бастау алмайды. Тек арасында ғана грамматиканың элементтері сөз етілдеі. Ал жалпылама оқушыны тілге қызықтыру үшін, сол тіл атмосферасына кіргізеді.

Қазір сіздер сол форматты өздеріңіз сезіп көру үшін, бір сабақтың үлгісін осы жерде өтіп көрелік. Көп уақыт кетпейді. Барлық адамға түсінікті формада жасаймыз. Бірақ міндетті түрде өткізіп жібермей, оқып шықсаңыз.

 

Hello everybody!

Ең әуелі таныстықтан бастасақ. Өз есімдеріңізді айтып шықсаңыздар. Үлгі:

I am Ahmet.

I am Zere.

I am Batyr.

I am Fatima.

(жалғасы бар)  

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 18 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: