01:25 Тіл біл | |
АРАБ ТІЛІ Араға екі жыл салып, магистратураға түсуі себеп боп, Стамбул шаһарына қайта оралды. Еш ойланбастан ғалымдар шоғырланған Фатих ауданына қоныстанды. Бүгінгі таңда екі жақты білімін тоқтаусыз жалғастыруда. Жалпы елде қызметте жүргенде, үлкен бір Ислам ғұламасының жанына байланып, соның қызметін жасап, әдебін үйреніп, қосымша білімін алсам деген арман-мақсаты болатын. Стамбулға келген соң, Алла Тағала сол ниетіне жеткізді. Атақты шамдық шейх, ұстаздарының ұстазы – Абдурраззақ Әл-Хәләбидің (Алла рақымына алсын) көзін көрген, тәлімін алған, 40 жыл жанында болған шәкірттерінің бірі, бүгінде өзі үлкен ұлағатты ұстаз, ғалым – шейх Мухаммад Холид Харсаның жанына табылу шарапатына ие болды. Алдында отырып бетпе-бет көптеген кітаптарды бастан-аяқ оқып, иджазаларын алу бақыты бұйырды. Көптеген білімдерді игеру жолында, рухани ұстанымымызды ретке келтіріп отыру өте маңызды. Сол жолда жәрдем беретін, бағыт нұсқайтын ұстаз тапсаңыз, үлкен қазынаға қол жеткізген боласыз.
АҒЫЛШЫН ТІЛІ Тіл үйрену – бүгінгі таңда өте актуалды, юіреулер үшін қорқынышты тақырып. Біреудің қорқынышына себеп – бала кездегі мұғалімнің сөгісі, мектепте алған жаман бағасы немесе түрлі комплекстері болуы мүмкін. Дін жолына берік, араб тілін өте жақсы білетін бауырының ертеректе қойған бір сұрағы бар еді: «Ареке, ағылшын тілін үйренуге деген ешқандай қызығушылық жоқ. Сол тілді үйренуге деген бір себеп айтасыз ба? Осыған мардымды жауап берсеңіз!» Дін жолы – қосымша білімдер алуға, әлем тілдерін үйренуге ешқашан кедергі жасаған емес. Керісінше, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірбаянына үңілетін болсақ, жанындағы сахабаларға түрлі тілдерді үйренуді бұйырғандығын көреміз. Бір өрнек, Зайд ибн Сәбит есімді сахаба. Өте зерек, жады мықты болғандықтан, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ол сахабаларға сол уақыттағы иврит пен сурияни тілдерін үйренуді бұйырады. Зайд ибн Сәбит аз уақыттың ішінде ол тілдерді игеріп, сол тілдерде жазылған хаттарды оқып, кері жауап жазатын болады. Яғни, оның үйренген білімі Ислам қызметіне жарады. Сонымен қоса қазақта «Тілін білгеннің сырын білесің» деген керемет сөз бар. Сондықтан қандай да бір жаңа тілді игеретін кезде, оны адамзаттың игілігіне пайдалана аламын деген сенімде болу керек. Адамзат тарихында халықаралық дәрежесіне шыққан біршама тілдер болды. Алайда ешбірі ағылшын тілі секілді бүкіл әлемнің байланыстырушы құралы рөліне ене алмады. Бүгінде әлемнің есігін ашып, түрлі шекараларды бағындырғысы келген адамның алдынан, сөзсіз, ағылшын тілі шығады. Оның бір жақын досының туған ағасы бар. Өте мықты программист. сол кісі айтады: «Керемет ұсыныстар келеді. Өсуге мүмкіндік болады. Соның бәріне ағылшын тілін жақсы білмейтіндігім кедергі келтіреді. Қазір енді қайта оқып бастап жатырмын». Шетелге шығып, жақсы жоғарғы оқу орнында білім алғыңыз келсе, не магистратураңызды жалғастыруды қаласаңыз да академиялық ағылшын тіл білімін сұрайды. (жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |