23:46
Тіл біл

АРАБ ТІЛІ

Ешкім ешқашан жалғыз өзі ештеңеге жете алмайды. Алла Тағала жан-жағыңыздағы адамдармен сізді қуаттап отырады. Әрбірінің қадірін білмек керек бұл өмірде.

Бастысы көңіл байлығы, кеңдігі. «Кең болсаң кем болмайсың, тек жүрсең тоқ жүресің, домаланып көп жүресің. Жігіттің жігіттігімен талассаң талас, бірақ бағымен таласпа», - деген аталы сөз бар-тын.

Қазан қаласынан жеңіспен оралған соң, саударабиялықтардың ұйымдастыруымен алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультетінде «араб тілінен шешендік өнер сайысы» атты алғашқы Республикалық олимпиада өтетін болды. Сапардан енді келген ол үшін ол додаға дайындалып үлгеретіндей мүмкіндік болған жоқ. Ол кезде де қалтасында ақша болмады. Сағыныш есімді бауырынан қарызға 10 мың теңге алып, елордадан Алматыға плцкартпен жолға шығып кеткен еді. Самал Абайқызы ұстазы кафедрадағы мұғалімдерге «Бұл бала өз қаржысына Қазанға барып жүлде әкелді бізге» деп айтып жүріп, тағы бір 10 мың теңгедей жинап берді.

Осы нәрселерді жазудағы басты мақсаты – білім жолында түрлі қиындықтар болатынын көрсету. Біз ақшаны еш уақытта приоритетке қойған емеспіз. Оны шын мәнінде жай ғана құрал деп қабылдаймыз. Білім арқылы тапқан ақшамызды қайта сол білім жолына құйып отырамыз.

Плацкартқа жатып арабша өлең шығарды алматыға жеткенше. Олимпиадаға жасаған бар дайындығы сол болды дей алады. Адамдардың алдына шығып үйреніп қалғаны бар, арабша өлеңі бар, сөйтіп ол жерден үшінші орын алу бұйырды. Үшінші орынға саудиялықтар 100 доллардан берген болатын. Сол ақшаға кері қарай елордасына қайтатын билет алғаны есінде. Алғашында көңіл түсіп, біраз ренжігендей болды. Кейіннен ұстазы – Самал Абайқызы қоңырау шалып, сабырға шақырды.

Осылайша араб тіліне қатысты білім биографиясында үш орын да бар. Жеңу мен жеңілудің қатар дәмін татып, одан сайын көп оқу керекпіз деген шабыт алды.

Ол өзін әлі күнге дейін араб тілін оқып жүрген, білім ізденуші, білім талап етуші адам деп есептейді. Бұл нәрсені жай ғана кішіпейілділіктен емес, шынайылықтан жазуда. 4-курсқа келгенде Ислам ғұламаларымен танысып бастады. Сол кезден оның білімге деген қарым-қатынасы түбегейлі өзгере түсті. Ізгілердің білім алуының жанында, өзіміздің ыждағатымыздың түк емес екендігін ұқты. Алла қалап, бірінші семестрді аяқтағанда түркияға сапарлап, Стамбул қаласына келді. Шынайы ғалымдарды тануда, Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мирасқорларын білуде – сол сапараның септігі көп болды.

Шамдық үлкен ғалым – Шейх Мухаммед али Сабунидің (Алла рахымына алсын) бір танымал кітабының мәжілісіне қатысып, шейхтің өзін көріп, сол мәжілістен иджазасын (иджаза – рұқсат, лицензия. Ислам ілімдеріне қатысты қолданылады. Қандай да бір пәннен иджаза алған адам, тікелей тізбекпен сол пәннен сабақ бере алады. Құраннан иджаза алу – тікелей тізбекпен Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) жалғайды. Яғни, сіз пәленшеден, пәленше пәленшеден, ол пәленше пәленшеден иджаза алып, нәтижесінде тізбек Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) жетеді) да алу нәсіп болған еді. 2020 жылы ғалымның қайтыс болғанын естігенде, көңілін қуаныш әрі өкініш кернеді. Қуаныш – бір мәрте болсын өмірде ғалымды көріп үлгергенім үшін, өкініш – алдында отырып білімін ала алмағаны үшін. (жалғасы бар)  

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 27 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: