11:07 Тіл біл | |
АРАБ ТІЛІ Алла Тағала құлының жағдайын біледі ғой. Қалтасында анау айтқандай ақша жоқ. «бөрі арғын білдірмес, сыртқа жүнін қампайтар» деген мақалдың мысалындай сырт көзге білдірмейтін. Қазан қаласының әуежайынан кезінде Марокоода бірге оқыған абдулла есімді қырғыз бауыры күтіп алды. Ол досы қалтасынан бір тиын шығартпай 1 апта бойы күтті, тамақтандырды, жай берді, түрлі жерлерге қыдыртты, қолына бір банк картасын ұстатты да: «Бір нәрсе аларда осы картаны пайдаланбасаң, қатты ренжимін», - деді. Кетер кезінде өзіне және өзге бауырларға деп тұрлі сыйлықтар алып беріп жіберді. Қоштасарда айтқан сөзі: «Біз Алла разылығы үшін бауыр болғаннан кейін, ұны істеуге міндеттіміз». Өмірде біреуге жасалған жақсылық – міндетті түрде жақсылық болып қайтады. Қазан Федералды Университетінде өткен халықаралық олимпиадаға Қазақстан атынан жалғыз өзі барды. Ол да екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде араб тілінің синтаксисінен (нахив ілімі) емтихан қабылдады. Оны еш қатесіз тапсырды. Содан бір күн бұрын Ресей Ислам Университетінің кітапханасына барып, жақсылап қайталап, дайындалған болатын. Екінші кезеңде араб тілінде өлең оқу қажет болды. Араб әддебиетін жақсы оқыған ол үшін, жарқырайтын сәт те сол еді. Өлең жаттағанның пайдасы көп. Бірақ араб тілін – Құран арқылы үйренгенге ештеңе жетпейді. Қазан қаласына барған кезде орыстың шығыстанушы-арабистерін көрді. Көзі көк көршілер алғашында менсінбей қарады. Алдарында именбей, еңсесін тік ұстап тұра берді. Алланың қалауымен Олимпиада бітіп, мойынына күміс медалін тағып алған кезде әлгі менсінбей тұрған «Володялар» келіп қол алып, «красавчик, брат» деп жатты. Өзінше орысты мойындатқандай, көкірек толы қуаныш сезіммен бір жымиып кете берді. Оларды арабшасы неліктен әлсіз? Аджнәби (шетелдік) адам сөйлеп тұрғаны бірден байқалады. Себебі оларда Құрани таным жоқ, бір ғылымды игергенде (әсіресе араб тілін) Абсолютті Ақиқатқа сүйенбейді. Басқыншы мемлекеттің саяси пиғылы жатады түбінде. Шығыстану ілімі өзі Шығысты отарлау үшін Батыста пайда болған. Қазақияның отарлануында да орыстың түркітанушылары мен шығыстанушылары аянбай еңбек еткен. Ол өздерін «шығыстанушылардың жаңа толқыны» деп атайтын. Жадырасын Дәулет бауыры жазғандай: Маңдай терімді телегей қылып төгермін, Бостандық таңы болмауы үшін бозамыз... Қайтар жол да тура келгендегі маршрут секілді болды. Алайда Омбыда бір түн қалды. Темір жол вокзалындағы өмірі түнеп көрмеген «комната отдыха» деген жерге 500 рубль беріп, бір койкасын алды. Мүлдем бичпакет жемейтін адам, сол түні доширакты еріксіз терлеп тұрып ішіп алды. Бастысы – елге абыроймен, жүлдемен оралудамын деген сезім кетер емес. Бөлменің арғы басындағы койкаға түнде бір сібірлік ішіп алған орыс жігіт келіп орналасты. Айбалтасын дайындап жатайын деп, тыныш ұйықтай алмады. Таң ата ғибадаттарды орындап, заттарын алып пойызға шықты. Не де болса туған еліне барып ұйықтайын деді. Тағы да төсек жаймасыз плацкарт. Петропавлға жетті. Базардың бұрышындағы дүңгіршектен самса мен сүтті шай ішіп-жеп алып, сол қаладағы орталық мешітке бет бұрды. Елордаға жүретін пойыз кешке еді. «Басқа жер сыйдармаса да мешіт сыйдырады ғой», - деп бір шетіне жатып ұйықтады. Тек азан дауысынан оянып, ибадатты орындап, қайта келіп жатады. Сөйтіп күн батар тұста темір жол вокзалына барып, елордасына аттанды. Бұл оқиғалар жанына жақын. Әлеуметтік желіде бәрін әдемі етіп көрсеткенімізбен, оның артында көптеген жолдардың жатқандығын осылайша жазу арқылы жеткізгісі келді. (жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |