22:15 Тіл біл | |
ОРЫС ТІЛІ Біздің қазақ «Өз тілің – бірлік үшін, өзге тіл – тірлік үшін» деп керемет баян етеді. Төменде орыс тілінде дикцияңызды жақсартуға арналған қысқа жаттығулар қалдырамыз. Кемі 40 мәртеден дауыстап қайталауды кеңес етеміз. Би-би-би-би-биб, бэ-бэ-бэ-бэ-бэб, ба-ба-ба-ба-баб, бо-бо-бо-бо-боб, бу-бу-бу-бу-буб, бы-бы-бы-бы-быб. И-Э-А-О-У-Ы Енді қолыңызда балға бар деп елететіңіз. Сол балғамен шеге қағып жатқандай төмендегі тіркестерді 40 мәрте дауыстап оқып шыққайсыз. Бдги! Бдгэ! Бдга! Бдго! Бдгу! Бдгы! Гбди! Гбдэ! Гбда! Гбдо! Гбду! Гбды! Дбги! Дбгэ! Дбга! Дбго! Дбгу! Дбгы! Бұл жаттығулардың мәні неде? Дауыссыз дыбыстардың бірінің артынан бірі келуі, әр әріпті шығарып үйрену үшін қолайлы. Жуан дауыстыдан жіңішке дауыстыға, жіңішке дауыстыдан жуан дауыстыға өту арқылы сөздерді еркін айтып үйренеміз. КчкИ! КчкЭ! КчкА! КчкО! КчкУ! КчкЫ! КчкИ! КчкЭ! КчкА! КчкО! КчкУ! КчкЫ! Келесі жаттығу «р» және «л» дыбыстарын жаттықтыру үшін берілген. Әр жаттығуды кемі 40 рет дауыстап айтуды ұмытпаңыз. Күн сайын қайталап отыратын жаттығулардан. лрИ, лрЭ, лрА, лрО, лрУ, лрЫ! рлИ, рлЭ, рлА, рлО, рлУ, рлЫ! Егер де орыс тілінде тірлік, ондық, жүздік сандарды айта білсеңіз, түрлі орыс классиктерінің стиліне салынған, сандардан құралған өлең жолдарын ұсынғысы келеді. Есенин 14 126 14... 132 17 43... 16 42 511... 704 83, 170! 16 39 514 700 142... 612 349 17 114 02. Пушкин 17 30 48 140 10 01 126 138 140 3 501. Маяковский 2 46 38 1 116 14 20! 15 14 21 14 0 17. «Орыс тілінен арыла алмай жүргенде, бізді отарлған, қаншама ата-бабамызды қырған ұлттың тілін дәріптеп жатсың ба?» деген сынды пікірлердің болуы да мүмкін. Алайда мәдениет, тіл, білім, ғылым деген нәрселер одан жоғары болу керек деп пайымдайды. Орыстың ішінде оқыған, сауатты, көзі ашық, қазақ әдебиетшілеріне лайықты бағасын берген таланттар да көп болған және әлі күнге дейін бар. Ол өзін тәуелсіздікте туып-өскен, рухы азат жаңа толқын өкілімін деп таныстырады. Көптеген тілдерді үйренуі өз ұлттық негізінен алыстатпады, керісінше, жақындата түсті және тіл туралы терең таным бере білді деп түйіндегісі келеді. Қазақтың зар заманы өтіп, енді дұрыс таныммен өркендейтін кезі туды деп сенеді. Тек нали беру, жылана беру – біздің жолымыз емес. Ол нәрсе ұлттың еңсесін көтермейді, керісінше, салын суға кетіреді деп көреді. Орыстың тілі әдемі, әдеби, өзіндік бір көркемдігі бар дедік. Алайда сол орыс тіліндегі көптеген сөздердің түбі түрік (түркі) тіліне оалатынын білесіз бе? Мәселен, «стакан» - түбі «тостаған» сөзінен, «молоко» - түбі «мол ақ» сөзінен, «таможня» - кедендік юақылаудан өткен кезде «тамға, таңба басу» дегеннен шығады. Санасы орысқұлданған адам «Қой, қайдағыны айтпа» деуі мүмкін. Алайда Олжас Сүлейменов (қазақ ақыны, тілтанушы, саясаткер) атамыздың «АЗиЯ» кітабын тауып оқуға кеңес береді. Ол кітапта Көне Русь халқының көрнекті туындысы – «Слово о полку игореве» поэмасын талдап, іші толған тюркизмдер екенін дәлелдеп шығады. Былай ғой, орыс халқы басына көтеріп жүрген, өткенінен сыр шертетін, жазбаша түрде жеткен ең көрнекті туындысын Олжас Сүлейменов келіп тартып алғандай болады. Кеңестік кезеңде Олжас Сүлейменовті ұлтшыл, түрікшіл деп айыптап, еңбегін оқуға тыйым салады. Себебі ол «ұлы орыс халқының» өткенін жоққа шығарып, төңкеріп жібергендей әсер қалдырды. Олжас Сүлейменовке замандастарының берген бағасы ерекше: «Он говорил от имени всех тюркских народов с русским миром на равных». Осылайша орыс тілін жетік білген бір қазақ баласы күллі орыстың моралін, идеологиясын, мифын сындыра білген. Орыс тілін жетік білу арқылы да қазақ қоғамына, ел танымына қызмет етуге болады дегенге ғажап дәлел. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |