12:16
Тарихи түптөркін

Ақсан – сай, село, Баянауыл ауд., Павлодар обл. Бұл атауды жергілікті тұрғындар Ақсан есімді кісі атынан қойылған десе, В.Н.Попова: «Ақ – «белый», сан – «бедро» - «белое бедро» (яғни ақ жамбас), бірақ бұл топоним мағынасын ашпайды», - деп Ғ.Қоңқашбаевтың пікіріне сүйенеді. Ғ.Қоңқашбаевтың пікірінше: «Компонент сан в конце сложного названия означает «крутосклонную взовышенность, состоящую из твердых пород». Демек, Ақсан – «ақ (өсімдігі жоқ, таза, тақыр), қатты тау, жынысты, тік қабатты биік бет» деген мағынаны білдіреді.

Біз атаудың екінші құрамындағы сан сөзін парсы, әзербайжан тілдерінен енген санг // сенг – «тас» сөзі болар деп ойлаймыз. «Сеңгір-сеңгір таулар» тіркесідегі жіңішке тұлғалы сеңгір де әдеби тілде қолданылады. Санг, сенг сөздерінің соңындағы г дыбысты тіліміздегі сын сөзінде түсіп қалғанымен, сеңгір сөзінде сақталған. Ал компонентінде санг сөзі атау тәжік, әзербайжан, өзбек, қазақ тілдерінде көптеп кездеседі. Мысалы: Кухисанг тауы, елді мекендер – Сангистан, Санглох – Тәжікстанда: Сангачалы елді мекені, Сенгярчай өзені, Қарасенгяр жотасы – Әзербайжанда, Санг – Наманган обл-да, Сангзар жазығы Самарқанд маңында бары белгілі.

Демек, Ақсан атауының мағынасы «ақ тас» дегенге толық сай келеді. Республикамызда Ақтас елді мекен аттары Оңтүстік, Шығыс, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында, ал Ақсеңгір (тау, шоқы, төбе) Ақмола, Алматы өңірлерінде бар.  

 

Ақсеңгір – Қарағанды обл., Шет аудандарындағы село; тау – биік. 617,9 м. Атаудың бірінші құрамындағы ақ сөзі тау, төбе, жота басындағы бор, кварц, мәрмәр сияқты ұсақ тас жыныстарының алыстан жылтырап, жарқ-жұрқ етіп жатқан түсін білдірсе, екінші құрамдағы сеңгір сөзі иран, түркі тілдерінде зеңгір // заңғар тұлғаларының нұсқасы ретінде қолданылады да, «биік, қыр, жота» мәнін білдіреді. Тәжік тіліндегі Сингистан – «жартасты тау, таулар» сөздеріндегі санг – «тас» болса, әзірб. Сенг – «тас», «жартас», сенгяр – «құз, қия жартас». Демек, Ақсеңгір «ағарып көрінген биік төбе, тау» деген мағынаны білдіреді.

 

Ақсирақ – жер, Астр. ауд. Ақ (сын есім) + сирақ (зат есім) сөздерінен жасалған. Атаудың екінші сыңарындағы сирақ сөзі хақ. Сырах – «тау ешкі, таутеке», алт. сарадак – «бір жасар марал», тув. Сарадак – «бір жасар марал» сөздерімен байланысты екені байқалады. Сонда Ақсирақ – «ақ марал, ақ ешкі» мәніндегі атау деп қараймыз.

 

Ақсиыр – тар., жер, 4-ауыл, Жарқайың болысы, Атб.уезі. Ақ (сын есім) + сиыр (зат есім) сөздерінен жасалған. Атаудың екінші сыңарындағы сиыр моңғолдың сайыр «құрғаған өзен арнасы, малта тас» деген мәндегі сөзі. Олай болса, толық мағынасы: «ақ сай, құрғаған өзен арнасы» дегенді білдіреді.

 

Ақсу – Алматы облысындағы өзен, ұзындығы – 305 км. Су алабы – 7750 км. Балқаш көліне құяды. Осы өзен атынан қойылған ауыл, село, аудан бар. Қазақстанның су, өзен кадастры бойынша, бұл өзен алабына 50-ге тарта өзен тән. Олардың ішінде: Қызылағаш өз. ұзындығы 109 км., Бүйен – 93 км., Сарқан – 89 км., Қапал – 44 км., болса, қалғандарының ұзындығы 12 км-ден 40 км-ге дейін ғана.

Ақсу атаулы өзен, елдімекен, аудан аттары, қала аты республикамыздың әр облысында кездеседі. Сонымен қатар туысқан түркі халықтарында да жиі ұшырайды.

Зерттеушілердің пікірнше: «Ақсу атауы судың ақ түсін білдірмейді, оның ағынын, тау басынан өз арнасымен төмен қарай ағып келетін қардың суы екендігін көрсетеді». «Ақсу» атауын талдай келіп, А.Кононов та ақ – «течь», «протекать», «литься» дегенді айтады.

Біздің пікірмізше, атаудың негізгі мағынасы «судың, өзеннің ақ ботала боп аққан түсіне» байланысты.         

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 262 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: