Күні күндей, түні түндей өтіп жатқан осы жылдың 22 сәуірінде мектебіміздің компьютерлік дәрісханасында "Түркі халықтары жазбалары күндері" апталығы (14-22 сәуір) айдарымен 8-10 сынып оқушыларының қатысуымен "Түркі халықтары жазбаларының көркемдік ерекшеліктері" атты әдеби-тарихи дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Танымдық сипаты зор шара үдерісінде мектеп оқушылары ізденіс арқылы құрастырған рефераттарын һәм слайд-көрсетілімдерін ұсынды. Ерекше көзге түскен оқушыларымыз: 10 қазақ сынып - Жүнісова Әлия, Қыстаубаева Армангүл, Қасым Әлия, 9 орыс сынып - Важниченко Анастасия, Шәріпова Нұрилә, Гроздюк Татьяна, 8 қазақ сынып - Тілектес Әйгерім, Белгібаева Орынгүл, Аубакирова Мәдина, Темірғалина Меруерт, Омарова Арайлым, Уалиева Айым. Шараны жүргізген Ибраһим Б.К. да өз тарапынан тақырыпқа сай құрақталған танымдық презентациясын көрсетті. Сайып келгенде, осынау шара түркі халықтары жазбаларынан құнды танымдық қорға жол ашты.
|