16:42 Тамыз конференциясы қарсаңында | |
МЕНЕДЖЕРЛЕРДІҢ МЕНЕДЖМЕНТТІК МӘДЕНИЕТІ Әлбетте қандай да болсын жалпы орта я негізгі орта білім
беру іс-қайраткерлікте мектеп басшысының басқару қызметінің тиімділік
көрсеткіштері біліктілік дәрежесі тұрғысынан критерийлік-рейтингілік сүзгімен
өлшемдене мониторингіленеді. Демек замана тілімен әспеттегенде менеджерлердің
менеджменттік мәдениеті жан-жағынан төбе көрсетеді. Бүтінді бөлшектеп көрелік. Әкімшілік-басқару мәдениетіндегі қызметті жүзеге асыру
біліктілігін: 1.
Ақпараттарды
жинау және өңдеуде – ақпараттарды жинау мақсатын анықтау; ақпарат мазмұнының
талдау мақсатымен сәйкестілігі; мектепішілік ақпарат жүйесін құру (жедел,
тақырыптық, қорытынды); түскен ақпараттың толықтық, уақытқа сайлық, шынайылық
дәрежесі; ақпараттарды жинау және сақтау формаларын стандарттау; ақпараттарды
жүйеге келтіру, өңдеуде компьютерді пайдалану; 2.
Педагогикалық
талдауда – педагогикалық үрдістердің негізгі бөлімдерін қамти отырып талдау;
педагогикалық құбылыстарға жүйелі талдау жасау біліктілігі; жүйедегі және оны
басқарудағы кемістікті анықтау; басқарылатын жүйені дамытудағы басты
қарама-қайшылықтарды айқындау; басқару мақсаты мен нәтиже арасында байланыс
орнату; 3.
Жоспарлауда
– диагностика негізінде алда тұрған қызмет мақсатын анықтау; қызметтің әр кезеңі
бойынша негізгі бағыттарды анықтау, міндеттер белгілеу; мақсатқа жетуде қызмет
мазмұнын, әдістерін, формасын, құралдарын таңдау; мақсатты құру қабілеті
(мектептің, әдістемелік бірлестіктер, сынып жетекшілер және т.б. жұмыс
жоспарларының өзара байланысы); 4.
Бақылау
және түзетуде – мақсатты және нәтижені салыстыру; мектепті дамыту жолының
кейбір ауқымын айқындау; педагогикалық үрдістерді түзетуге байланысты шараларды
дайындау; Мектепті дамыту бағдарламасын жасау біліктілігін –
басқарылатын жүйенің жағдайына проблемалық талдау жасауды жүзеге асыру;
проблемаларады талдауда айқындалғандарды шешуді жүзеге асыру жолдарын іздестіру
және оны бағалау; мектептің миссиясын анықтау (қандай мақсатта, қандай
құрамдағы тұлғаларға арналған); мектепті дамытудың тұжырымдамасын,
бағдарламасын құру, оны стратегиялық дамытудың мақсаты мен міндетін белгілеу;
мектепті дамыту бағдарламасын жасауда әдіснамалық, психологиялық-педагогикалық принциптерді
анықтау; мақсатты-бағдарлы басқаруды жүзеге асыру; дамытудың негізгі кезеңдерін
және әр кезеңнің міндеттерін анықтау; бағдарламаны құру кезеңіне, сондай-ақ оны
жүзеге асыруға педагогикалық ұжымды қатыстыру; мақсаттың нақты қойылуы және
оған орындаушылардың қатысын зерттеу, бақылау жасауды жүзеге асыру; мектептің
типіне, оның ерекшелігіне байланысты басқару тұжырымдамасын жасау; Басқарушылық шешім мәдениеті біліктілігін – проблеманы өз
уақтысында және нақты қою, проблемалық жағдаяттарды айқындау және белгілеу;
проблеманы диагностикалық сараптау; қабылданған шешім үшін өлшемдер белгілеу;
шешім қабылдауда ұжым мүшелерін тарту, шешімді орындауға міндеттеу;
басқарушылық шешім қабылдауда ақпараттармен қамтуды жүзеге асыру; мүмкін
болатын баламалар табу және бағалау; ұжымдық талқылау жағдайында шешім қабылдау
(пікірталас, миға шабуыл, іскерлік ойын және т.б.); өзінің лауазымдық міндеті
және кәсіптілігі негізінде жедел басқарушылық шешім қабылдау; орындаушыларға
қабылданған шешім жайлы айқын тапсырма беру және уақтысын көрсету; қабылданған
шешімнің жүзеге асуына педагогикалық ұжымды жұмылдыу және оң көзқарас
қалыптастыру; қабылданған шешімді орындауды аяғына жеткізу және бақылау; Инновациялық қызметті дамыту, оны басқару біліктілігін –
білім беру үрдісінің сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін перспективалық
идеяларды басшылыққа алу; жұмысында жаңашылдықты меңгеруге педагогикалық ұжымды
құлықтандыру және жұмылдыру; жаңалықты енгізуде ақпараттандыруға қолдау
көрсету; бағалау қабілеті: жаңалықты меңгеруге педагогикалық ұжым қаншалықты
күш жұмсайды, қандай қиыншылықтар болуы мүмкін, жаңалықты меңгеру үрдісінде
мұғалім қандай білімдер мен біліктерді білуі тиіс; мұғалімдер белсенділігін
марапаттау, шығармашылық зерттеушілікке, эксперименттік және жоғары нәтиже
беретін топтар құру; педагогтарға, сонымен қатар жаңашылдықпен айналысушыларға
өз уақтысында және кәсіптік көмек беру; психологиялық сипаттағы кедергілері бар
мұғалімдерге көмектесу; Басшының кәсіби-педагогикалық мәдениеті біліктілігін –
педагогикалық үрдісті жүйелі, тұтас көру; ғылыми тұрғыда педагогикалық үрдіске
тұтас талдау жасау, оны ғылыми негізде құру, ұйымдастыру; педагогикалық үрдісті
құру үшін неғұрлым болашақты тұжырымдамасын және технологияларын таңдап алу,
салыстыру, талдау; мектептің оқу жоспарын, бағдарламаларды, оқулықтарды,
көмекші құралдарды талдау; пәнді оқытудың кәсіби шеберлігін, қазіргі
педагогикалық технологияларды меңгеру; мұғалімдерге кәсіптік әдістемелік көмек
көрсету; сабақты ғылыми, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік тұрғыда
талдау; сабаққа бақылау және талдау жасау бағдарламасын құру; мұғалімнің тұтас
кәсіби қызметіне диагностика жүргізу; тәрбие жұмысының жүйесіне талдау жасау; Мектеп басшысының әлеуметтік-психологиялық мәдениеті
біліктілігін – ұжымның бірлігін және тұтастығын қамтамасыз ету, оларды
мектептің мақсатына жетуіне бағыттау; қызметкерлердің субъективті талаптарына
сыртқы мақсатқа сәйкестендіру әдістерін табу; ұжымның мақсатты-нормативті
бірлігін құру; басшы айналасына шығармашыл педагогтарды біріктіретін, ұжымды
әлеуметтік-педагогикалық жүйеге айналдыруға қабілеттендіретін педагогикалық
идеяларды, тұжырымдаламарды ұсыну; тәжірибелі, жоғары білікті педагогтардан,
пікірлестер ұжымын құра алатын қызметкерлер тобынан актив құру; өзіндік даму
режиміне бірте-бірте көшуге ұжымды дайындауға ынталандыру; ұжымның байланысын
нығайтатын мектеп дәстүрін сақтау және дамыту; Ұжымды құлықтандыру біліктілігін – мұғалімдердің
еңбектерінің оңды жақтарын ынталандыру; еңбек ету үрдісі кезінде педагогтардың
өзін жетілдіру қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау; еңбекте
табысқа жету жағдаятын құру; өнімді еңбек қызметіне қолдау көрсету;
мұғалімдедің өзіндік ізденістеріне қолдау көрсету; авторлық бағдарламалар
дайындау, өз жоспарын қорғау, әртүрлі шығармашылық формалар, т.б. кәсіби
мақсаткерлікті көрсететін жағдайларды марапаттау; диагностика және рефлексия
негізінде мұғалімдердің өзіндік бағалау қабілеті; кәсіптік қарым-қатынас
жүйесінде шығармашылық ізденіске түрткі болатын педагогтармен бірге
шығармашылық климат құру; оқыту және жұмыс жасауда комфортты материалдық
кеңістік құру; Басшының қарым-қатынас мәдениеті біліктілігін – көзін
жеткізу әдістерін тиімді пайдалану; іскерлік пікірлерді марапаттау және оларға
басшылық жасау; ұжымға, адамға әсер ететін тиімді әдістерді қолдану;
мұғалімдермен, оқушылармен, ата-аналарамен қарым-қатынас жасау стильдерін
жүйелі пайдалану; жағдаятқа байланысты басқаруды икемді өзгерту; эмпатияға
қабілеттілік (басшының көзімен жағдаятты көре білу, тыңдай білу, түсіне білу,
т.б.); рефлекцияға қабілеттілік, қоршаған ортаның өзі, өзінің қызметі туралы
пікірін есепке алу; қарым-қатынасқа қызығушылығы: қарым-қатынастағы іскерлік
бейімі, байланыс жасау қабілеті, жағдаяттарды шешу дайындылығы, т.б.; сұхбаттасушыны
көңіл қойып тыңдай білу, ойын ашық айтуға мүмкіндік жасау; кез келген жағдаятта
әріптестермен тіл табыса білу; өзара түсіністік жағдайында кездесетін
психологиялық кедергілерді жоя білу; өзіндік ұстамдық көрсете білу; күш түскен
жағдайда эмоциялық тұрақтылықты таныту; қарым-қатынаста өзіне тұрақты бақылау
жасау; вербальды емес ақпарат көздері арқылы сұхбаттасушыны зерттеу; өзара
қарым-қатынасты ретке келтіру; қызмет стилін, жағдаятқа және сұхбаттасушының
эмоциялық-психологиялық жағдайына байланысты қарым-қатынасты үйлестіру; қажет
жағдайда еріктілік қасиеттер көрсете білу: «жоқ» дегенді батыл айта білу, ұжым,
мектептің ісі үшін күш салу; Мектеп басшысының тұлғалық қасиеттері біліктілігін –
мұғалімдердің еңбегін бағалаудағы объективтілік; адамдармен қарым-қатынастағы
мейірімділік; әріптестердің оңды жұмыстарын байқай және атай білу қабілеті;
кемшіліктерді көре білу және ешқандай зілсіз сынай білу қабілеті; әріптестермен
қарым-қатынаста жылылық таныту қабілеті; қызметкерлердің жеке ерекшеліктерін
көре білу қабілеті; әріптестердің жекелік-психологиялық ерекшеліктерін түсіну
және оны есепке алу қабілеті; психолого-педагогикалық такт; сыни тұрғыда ойлай
білу; әрекеттері, сөздері, сондай-ақ вербальды емес ақпараттар көмегімен адамдарды
зерттей, бақылай білу білігі; әріптестерін шығармашылыққа жетелеу қабілеті;
мұғалімдер тарапынан болатын сын-ескертпелереді тыңдай білу және өз
кемшіліктерін түсіну біліктілігі – деп шұбалана тізбелген критерийлер арқылы
бес, үш, бір өлшемімен сатылана төмендейтін біліктілік дәрежесі арқылы өзін-өзі
бағалауға кәсіби тұрғыдан әбден болады. Сонда ғой мектептегі менеджердің
менеджменттік мәдениеті қаншалықты салмақты екенін болжап-бағдарлауға көз
жетеді. Жоғарыда әңгіме болған біліктіліктер панорамасы қандай да
бір жаңалық емес. Сара жолға әлдеқашан түсіп, мектеп басқару үрдіс-үдерісін
оңтайландыруда тәжірибе сүзгі-елегінен өтіп, іс жүзінде өзін ақтады да. Мұндағы
мақсат – болғанның барын тағы бір мәрте әрлеп, шаңын бір қағу. Бәлкім,
тәжірибелі һәм жаңа басшыларға шапағаты тиіп қалар. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Бесқарағай ЖОББМ оқу істері меңгерушісі Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы | |
|
Всего комментариев: 0 | |