23:55 Үштағанды Жолдауға - жалпыұлттық қолдау | |
МӘҢГІЛІК ЕЛ МӘЙЕГІ Басқасын қайдам, ал өзім адами-азаматтық тұрғыдан Елбасы һәм Ұлт көшбасшысы
Н.Назарбаевтың ілгерілей дамудың кепілді жаршысындай, елдігімізді еңселете
еселетудің игі дәстүріне әлдеқашан айналған Қазақстан халқына Жолдауын іштей
тағатсыздана күтумен жүрдім соңғы күндері. Қасиетті жұма жұлдызында күткенім
айдай әлемге, алты Алашқа жар болды. Дүниеге «Қазақстан жолы – 2050: Бір
мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты мән-маңызы һәм бағыт-мазмұны ұлан-асыр
Жолдау келді, отандастар! Бәрекелді! Мақсат, мүдде, болашақты үштағандай ортақ етіп отырған стратегиялық құжат –
баянды болашақтың кемелді даңғылы. Дамудың 2030 межесін мезгілінен бұрын жүзеге
асырған еліміз 2050-ді мәрелеуге қадау-қадау қарыштаумен жетуге бекем бел
бууда. Демек, дамыған отыз елдің қатарынан көрінерімізге үлкен сеніммен қарауға
болады әлбетте. Президенттің сөзімен дәйектесек: «Стратегия – күннен күнге,
жылдан жылға елімізді, қазақстандықтардың өмірін жарқын ете түсетін нақты
праткикалық істер бағдарламасы. Бірақ нарықтық жағдайда аспаннан нәпақа күтпей,
тиімді еңбектену керектігін әркім-ақ түсінуі тиіс. Мемлекеттің міндеті – осыған
барлық жағдай жасау. Мен әлемнің щзық елдері арасындағы Отанымыздың лайықты
Болашағы ғана қазақстандықтарды мәңгілік біріктіретініне сенімдімін». Ал осынау
тұғырға шығудың бірден-бір құндылығы – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Беркелі
еліміздің еңсесі адал еңбекпен ғана ілгерілемек. Зерделесек, биылғы жылдың тын да соны Жолдау бойында назардан қалыс қалған
ештеңе жоқ. Үдемелі индустриалды-инновациялық дамуды басынан кешіріп жатқан
Қазақстан тек қана шикізат өнімімен шектелмейтін, керісінше бәсекеге барынша
қабілетті дайын өнім шығарып, жаһандық нарықта саудалайтын дамыған елге
айналуды мақсат қылуда. Көптен бері әңгімеге тұздық болып жүрген атом стансасын
салу ісіне қан жүгірді. Мұнай үстінде отырған ел болғандықтан, мұнай өнімдерін
шығаруды кеңейту мақсатында төртінші мұнай өңдеу зауытының іргесін қалау жұмысы
жүзеге асатын болды. Әсіресе жасыл экономика бағдарламасы өркениеттілігімен
қызықтырады. Білімдену көкжиегінде де екпінді серпіліктер көзге түсті осынау Жолдауда.
Атап айтқанда, жалпы орта білім беретін мектептердің деңгейін қанатын кең жайып
отырған Назарбаев зияткерлік мектептері деңгейіне дейін көтеру неге тұрарлық.
Оның үстіне еліміз он екі жылдық жүйеге көшуге дайындалып жатқанда бұл
жариялынымның маңызы стратегиялық тұрғыдан қомақтана түспек. Басқа да игіліктер
іс жүзінде өрлемек. Мемлекеттігіміздің күретамыры қазақ тілі құдіреттелді! Елбасымыздың: «Енді
ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге
Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз
жөн» дегені артық сөзді қажет етпейтін аксиома. Әлеумет Президент Жолдауынан қандай да бір жақсылықты күтеді. Келесі жылы
денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау салаларындағы қызметкерлердің
жалақысы, ал 2016 жылы студенттердің шәкіртақысы айтарлықтай өседі. Сонымен
бірге мүгедектігіне және асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтік
жәрдемақы көлемі де артады. Ақиқатында, биылғы үштағанды Жолдаудың арқалаған жүгі жеңіл емес.
Ұлткөшбасшысына жүгінсек: «Бірінші кезең ХХІ ғасырдағы «мүмкіндіктер көзін»
пайдалана отырып, жаңғыру серпілісін жасау қажет болатын 2030 жылға дейінгі
кезеңді қамтиды... Екінші кезеңде 2030 – 2050 жылдар аралығында еліміздің
ғылыми қамтымды және жасыл экономика қағидаттарына негізделген орнықты дамуын
қамтамасыз ету қажет». Асылында, бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ – өмірлік
қайраткерлігіміз болсын! Бегімхан
КЕРІМХАНҰЛЫ, Бесқарағай
ЖОББ мектебі оқу-тәрбие істері меңгерушісі, «Нұр Отан»
партиясының «Бесқарағай» БПҰ төрайымының орынбасары Бесқарағай
ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы | |
|
Всего комментариев: 0 | |