13:06 Шағын футболдан репортаж | |
ДАРХАН САДУАҚАСОВ АТЫНДАҒЫ
ЖАРЫС һәм ОНЫҢ АЙНАЛАСЫ Аудан орталығы Аққу. Шіліңгір шілденің шыжғырған ыстығы. Ара-арасында ыстық
лепті самал бет-әлпетті одан сайын қариды. Әсем де сәулетті балалар бақшасының
қасында орын тепкен жасанды төсеніші баршағын футбол алаңының айналасы сәт
сайын адамға толуда. Қаз-қатар тізілген небір жеңіл көлік һәм олардың
жүргізушілері. Үлкен-жастың жарасымды әңгіме-базары, бала-шағаның шат-шадыман
күлкі-қылығы. Осынау халықты жинауға бірден-бір себеп – осымен кезекті рет ресми түрде
ұйымдастырылып отырған Дархан Садуақасовты еске алуға арналған шағын футболдан
жарыс. Дархан бауырымыз осыдан төрт жыл бұрын жарық дүниемен мезгілсіз қош
айтысқан жайсаң-ды. Ақжарқыңдығын есте сақтап, әспеттеп жүрген жора-жолдастары
дәстүрге айналып отырған жарысты ойдағыдай ұйымдастыруда тағы. Аталмыш доп
додасы биыл аймақтық деңгейге көтеріліп отыр. Аудан орталығы һәм ауданға
қарасты құрама командалардан басқа Павлодар қаласынан, Шарбақты ауданынан
шақырылған құрамалар да бар. Тартысты ойындар алдында жарыстың ашылу сәтінде Дархан марқұмның анасы һәм
туған-туысқандары, жақын жора-жолдастары доданы ұйымдастыруға ұйытқы болған
ынталы топқа, қатысуға ат терлетіп келген құрама командаларға жарыстың сәтті
өтуіне жүрекжарды тілектестігін білдірді. Матчтардың шымылдығы ашылып, тартысқа
толы ойындар көрігі қызғаннның үстіне қыза түсті... Жарыс болатынын өз ауылдарында бұл салаға жауапты мамандардан естіген
Шабар, Жамбыл, Қазы, Бесқарағай елді мекендерден де құрама командалар да келген
еді. Дегенмен жарысты ұйымдастырушылар мәдениетті түрде бұл құрамаларды
тіркемеді, себебі арнайы шақыру айтылмаған сыңайлы. Ал Шарбақты, Әйтей
ауылдарының құрамалары арнайы шақырылыпты. Дегенмен манағы тіркеуден тыс қалған
төрт құрама «әйтеуір, келген екенбізді» алға тартып, мектеп жанындағы стадионда
жарыс ішіндегі жарыстың көрігін қыздырды. Бір-бірімен өзара кездесулер өткізіп,
бейресми доданың жеңімпазын анықтауға барын сала кірісті. Ішінара ойын
төрешілерін сайлады. Шағын футболдың барлық ережелік талаптарын сақтап, "Fair
Play” қағидаттарын қатаң бақылап, толерантты сыйластықты ту етті. Осынау бір
айналмалы шағын жарыстың нәтижесінде бесқарағайлықтардың дайындығы өзгелерден
асып түсті. Қарсыластарын шыдатпады. Алдымен қазылықтарды 1:0 есебімен ұтты
(жеңіс голын М.Әлдекенов соқты), артынша жамбылдықтарды 4:0 есебімен күл-талқан
етті (А.Дәулетов дубль, ал Қ.Әлдекенов, М.Әлдекенов бір-бір гол авторлары
атанды), кейіннен шабарлықтарды 1:0 есебімен тізе бүктірді (М.Қазбеков
мергендігімен көзге түсті). Бейресми жарыстың екінші орынын Қазы, үшінші орынды
Шабар иеленсе, Жамбыл құрамасы төрттікті түйіндеді. Осылайша оқшауланған төрт
құрама Дархан Садуақасовқа деген құрметін спорттық рух деңгейінде көрсетіп
бақты. Ал ресми жарыста жанкүйерлердің қолдау-қолпаштауы сонадайдан құлаққа
жағымды естіліп жатты. Жасанды футбол алаңында тартыс пен жігерге толы ойын
өрнектері шиырлана түзілді. Небір тамаша голдар соғылды. Жиналған қауымныңкөңіл-күйі
көтеріңкі-көңілді. Сайып келгенде, осынау деңгейдегі шағын футбол жарысы қатысушыларды
бірлікке, ынтымаққа, сыйластыққа шақырады. Адал жолдас болсаң, Дархан марқұмның
жора-жолдастарындай-ақ бол. Туған-туыстарымен біріге отырып, ұйымдастыру
жұмыстарын сәтті сабақтап, демеушілік жағын оңтайлы қарастырды. Амал не, жарыстың соңын күтпей, келген мекенімізге жол тарттық. Кім-кімдердің
жеңімпаз болғанын да біліп кетпедік те. Ол маңызды да емес. Асылы сол, ресми
жарыстың тіркеуіненөтпей қалған құрама командалар өзара шағын жарыс өткізіп,
спорт жүргізушілер тілімен түйіндегенде «ойыннан тыс қалмады». Жеңісті күндер
көп болсын! шолушы Бегімхан
КЕРІМХАНҰЛЫ Бесқарағай
ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы | |
|
Всего комментариев: 0 | |