09:23 Шұғылалы шешендік | |
ҚАЛЫ КІЛЕМ ЖАПСАҢЫЗ Қалы кілем жапсаңыз, Қара нарға жарасар. Өкпе кімге жарасар, Қарындасқа жарасар. Қарындастың ішінде, Қадірлеске жарасар. * * * ӘУЕДЕ БҰЛТ БАР (Бекжан шешен айтты деген сөздер) Әуеде бұлт бар, Ауруда үміт бар. Ақылды білер әр нұсқаны, Алыс пене һәм қысқаны. Не іс қылса артын ойлар, Адамзаттың данышпаны, Иттің бәрі тазы болмас, Еттің бәрі қазы болмас. Тойғаныңша жасық жесең, Бір асаған майға жетпес. Көрмеген жер таныс болмас, Көрінген жер алыс болмас. Әр нәрсенің болжауы бар, Ши жуандап қамыс болмас. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
