17:54 Шұғылалы шешендік | |
ТАСЫМА ЖІГІТ, ТАСЫМА (Базар батыр айтты дейтін сөз) Тасыма жігіт, тасыма! Тасыған жетер басыңа. Ителгідей томсарсаң, Кім келеді қасыңа. Күшігендей солқылдап, Күлгенің де досыңа? Жақсылыққа қуанып, Жамандыққа жасыма. Өле-өлгенше тұрмайды Жақсылық пен жамандық, Бір кісінің басында. * * * КЕҢШІЛІКТЕ ЖАРАСПАҒАН Кеңшілікте жараспаған, Таршылықта бастырмайды маңайын. Сараң байдан сұрасаңыз ат майын, Бермес үшін айта берер жоқ жайын. Ер жігіттен сұрасаңыз ат майын, Ерлік қылып түсіп берер бір тайын. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
