18:02
Шұғылалы шешендік

БАР МА МІНСІЗ?

Ашуға асу берсе,

Алдау мен арбауға ерсе,

Ақыл мінсіз бе?

Арамдыққа ұпайы кетсе,

Ажарға сайып «рахым» етсе,

Әділдік мінсіз бе?

Қайыршыдай қаңғып өтсе,

Бүгін қонып ертең кетсе,

Бақыт мінсіз бе?

Дәмелендіріп көзіңді талдырса,

Ұмсындырып марқұм қалдырса,

Үміт мінсіз бе?

Ақылдан тірегі болмаса,

Алмастай өткір жүрегі болмаса,

Шешендік мінсіз бе

Адастырып азапқа салса,

Талапты мұқап сенімді алса,

Арман мінсіз бе?

Талпынып қанат қақпаса,

Қиыннан қиюын таппаса,

Талап мінсіз бе?

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 4 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: