23:40 Шұғылалы шешендік | |
ТАУ БЕРІГІНДЕ ҚОНЫСЫҢ БОЛСЫН Тау берегінде қонысың болсын, Іздеген жау таба алмайды. Ел берігінде досың болсын, Аңдыған дұшпан ала алмайды.
Жаман ердің қайғысы Өз отының қасында, Жақсы ердің қайғысы Ауылының басында.
Жаман еркектің басын Жақсы әйел хан қылады. Жақсы еркектің басын Жаман әйел даң қылады.
Жанашырың жоқ болса, Жатпен жалғыз жүрмеңіз. Қостаушыңыз жоқ болса, Біле тұра білмеңіз. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
