00:08
Шұғылалы шешендік

БАЛА БОЛСАҢ БОЛҒАНДАЙ БОЛ!

Бала болсаң – болғандай бол,

Ағайынға қорғандай бол.

Досыңа майыспа,

Дұшпаныңа қайыспа,

Жаман болсақ көп жақсы,

Жақсы болсаң еп жақсы.

 

Арғымақ мінген байлардың

Тайға мұқтаж күні бар.

Май шайнаған билердің

Нанға мұқтаж күні бар.

Елден безген залымның

Елге мұқтаж күні бар.

 

Басқа бақ жарасады,

Батырға жақ жарасады.

Аталы ерден би тұрса,

Халықтың пайдасына жанасады.

 

Жақсы адамға мал бітсе,

Ағайынның жоғына қарасады,

Жаман адамға мал бітсе,

Көрінгенмен итше таласады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 17 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: