20:48 Шұғылалы шешендік | |
БҰЛ ЗАМАНДА НЕ ҒАРІП? (Торайғыр шешен айтқан деген сөз) Бұл заманда не ғаріп? Қадірін біліп ұқпаса, Дүррі гауһар сөз ғаріп. Замандасы болмаса, Қария болар тез ғаріп, Ел жағалай қонбаса, Бетегелі бел ғаріп. Қаз, үйрегі болмаса, Айдын шалқар көл ғаріп. Әділ биі болмаса, Бірлігі кетіп ел ғаріп. Қадірін елі білмесе, Қайратты туған ер ғаріп. Бақытты адам қаласа, Қар үстінде от жанар. Бақытсыз адам қаласа, Құрғақ үйден су тамар. Жақсы туған баланың, Атасы жаман болса да, Төрде отырып сый табар. Жаман туған баланың, Атасы жақсы болса да, Түйе үстінен ит қабар. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
