00:19
Шұғылалы шешендік

ҮЛГІЛІ СӨЗ

Үлкен керсен қалы да,

Ас құйылды тегешке.

Үлкен билер қалды да,

Құлдар кірді кеңеске.

Кеңескенде не десті?

Тырнадай мойнын теңесті,

Теңескенде де десті?

Біріне бірі серт қылды,

Үйге кедей келгенде,

Бір аяқ ас бермеске.

Өлеңтіні жағалай

Тал шығады деп едім.

Тал шыбықтай бұралып

Сал шығады деп едім.

Соққан бейіт сықылды,

Үй шығады деп едім.

Қырыққа серке бұттанып

Би шығады деп едім.

* * *

Ақ дариядан үлкен дария болмас,

Тасыса да қалпынан аспас,

Тұрымтайдай ұшқыр құс болмас,

Торғайдан басқа нәрсе алмас.

* * *

Борай-борай қар жауса,

Боранына келтірер.

Аз кісіні көп кісі

Орамына келтірер.

* * *

Көп нені айтады?

Азға қылған зорлығын айтады.

Аз нені айтады?

Көптен көрген қорлығын айтады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 21 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: