23:50
Шұғылалы шешендік

ҚАРА ЖЕРГЕ ХАЛЫҚ ИЕ

Дәулетқали деген жер қоырп елдің түйесін жайғызбаған соң, Тұрлан келіп:

- Түйені неге қайырасың? – дейді.

- Түйеңді қайырмай, мұнда сенің бақтырып қойған жерің бар ма еді? – дейді Дәулетқали.

- Атаңа нәлет, ақ сүйек! Төренің елі деен елді қайдан көрдің, жерді қайдан көрдің? – деп жатып сабайды.

«Төре тұқымына тіл тигізіпті» деген хабар Орынбордағы Әлен ханға жетеді. Хан қаһарланып, тұрланды өлтірмек болып 300 кісімен Асаудың аулына келіп, Тұрланды шақыртып алдырады.

Тұрлан келіп:

- Әлең, соқыр! Мені неге шақырдың? – дейді. Сонда хан қылышын қынабынан суырып алып, төрт сардар биіне қарап:

- Мынаның төресін беріңдер! – депті.

Сардардың бәрі жаза кесуге тұрланнан, «кешірім» деуге ханнан қорқып Айтуар шешенге қарапты. Сонда Айтуар шешен орнынан тұрып:

- Ай, хан! Бұрынғыдан қалған сөз жоқ па еді, «қара қазаққа хан ие, қара жерге халық ие» деген қайда? Хандығыңды бер де жерді ал, хандығыңды қимасаң, қара жерде нең бар? – депті.

Сонда халық қаһарынан қаймыққан хан:

- Бас тақсыр! Төреңе құлдық! – деп отыра кеткен екен.   

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 21 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: