22:14
Шұғылалы шешендік

МЕНІҢ АТЫМ АСАУБАЙ

Бір жылдарда қыс қатты, жер мұз болып, мал жұтайтын болған соң орта жүз елі ішінде Зәңгір төренің баласы. Омар төре бар жылқыларын «обаған-тімжүр» деген жерге айдайды.

Қанжығадан Дауытқұл – Сейітқұл деген жігіттер асаубайды ертіп олар да сол жерге жүреді. Жолда Обаған өзенінен Қожық деген әр өткен жылқыдан бір бие, бір ат алып, өткелден өткізеді екен. «Барып біліңіз» деп Омар төре Асаубайды жұмсайды. Сонда Асаубай айтады:

- Е, елде жүргенде екі көзің ежірейіп, екі құлағың қамыстай боп, екі езуің талыстай боп, сөзің ұртыңа сыймай, енің бұтыңа сыймай, маған жол бермеуші едің ғой, өзің бар, - депті. Омар төре: «Сіз барып жолығыңыз», - деп сұраған соң ақыры барыпты. Асаубай барса, Обаған өзенінің басында, жардың астына, екі үйде көп адам жиналып отыр екен. Бәрі де мал айдағандар, одан-бұдан мал алып қалмақшы екен. Омардың да он жылқысын айдатып алыпты. Сонда Асаубай тұрып:

Ассалаумағалейкүм, Алдияр төре,

Зәңгірханның баласы Омар тұр.

Жер дүниені қара жердей обар тұр.

Жалбарынбақ бізден емес пе,

Жарылқамақ сізден емес пе?

Тілемек бізден емес пе,

Тілек бермек сізден емес пе?

Өрттің орнында бір топ көде қалатын

Сіз жұртқа келген сілем емес пе...

Уа, неғып жатырсың Қожақ,

Жатқаныңнан тұрмайсың аяғың созып,

Үнемі атың бәйгеден келе бермес озып,

Тоқтауна кездессең бір-ақ күнде кетерсің тозып.

Атам батыр тұрсынбай,

Ешкімге кеткен бойсынбай.

Уа, менің атым Асаубай,

Жақсы-жақсы сөзім бар,

Жиып алса, жүк қып жиған жасаудай.

Өткір-өткір сөзім бар,

Көк тасқа салған қашаудай.

Он жылқымды алдырып,

Қорықпайсың ба құдайдан? – депті.

Азат жон сонда Қожық Омардың он жылықысына бір жылқы қосып он бір жылқы ғып малын қайырған екен.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 27 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: