11:08
Шұғылалы шешендік

НАУДЫҢ ЕШКІ ДАУЫ

Нау бір туысқанынан ешкі даулап Ақмырза бидің алдына келіпті.

- Бір ешкі үшін туысқаныңмен дауласып, би алдына келгенің не, Нау? – дейді Ақмырза. Сонда Нау:

Ешкім саусам бұлақ еді,

Іші толған лақ еді.

Терісі бұтама қап еді,

Мүйізі пышағыма сап еді.

Тоқты қарын майы бар еді,

Тоқсан шақпақ құрты бар еді, -

дейді. Сонда Ақмырза:

- ешкіңнің мақтауын жеткіздің. Енді ағайыныңа ауысқан бір ешкіңнің билігін өзің айтшы! – дейді.

- Бидің билігіне бір ат, төрешіге түк жоқ. Ешкінің мойнына қосақ, артына тіркеу, - деп туысына қарап тағы былай дейді:

- Қу туысқан, өлетін қойдың көзіндей көзің бозарып кетіпті ғой, қайыр, қалғанын саған кештім! – депті.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 29 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: