22:21
Шұғылалы шешендік

ШАҚШАМ ШАҚША-АҚ ЕДІ

Әлдеке деген шебердің бір қаралық күміспен нақыштаған келісті шақшасын бір би үйіне келіп отырып, тамыр болайық деп ат-түйедей қалап алады да, келесі жылы келіп қолқаңды ал деп шақырып кетеді. Әлдеке шебер келесі жылы барса, би қолқа бермек түгіл «шақша даулай келдің бе?» деп келеке қылады. Әлдеке шебер ханға жүгінеді. Хан. «Қолқа сұрағандай оның қандай шақша еді?» - дейді. Сонда Әлдеке шебер:

Шақшам шақша-ақ еді,

Шақша да болса жақсы-ақ еді,

Кер бұғының мүйізі – нақысы еді,

Бір қысырақ істеген ақысы еді.

Гауһар мен жақұттан салған көзі бар еді,

Қолқасын келесі жылы аларсың деген сөзі бар еді, -

деген екен.

Хан: «Шақшасын қайырып бер, қайырмасаң қалағанын бер», - деп кесім айтыпты.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 11 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: