11:40 Шұғылалы шешендік | |
СӘДУАҚАС ШОРМАНҰЛЫНЫҢ ТЕРМЕСІ Өтпес пышақ, шабан ат! – Басыңа қорлық келтірер. Жаман құрбы әзілі – Ажалдан бұрын өлтірер. Жақсы болса алғаның, Жағаның кірін кетірер. Жаман болса алғаның, Басыңнан бақыт кетірер. Бетіңнен алып арсылдап, Үй ішінен ит үрер, Абысын – ажын, келінге Түздегі жаудай жекірер: «Сақтай гөр деп кесірден» Алыс-жақын түңілер.
ӨМІРДЕ ОЗЫҚ БОЛ Жалқау болған жігіттің Ақ таяғы ат болар. Безер болған халыққа, Ағайыннан жат болар. Салақ болса қатының, Жағаң болар құрымдай. Тәрбиесіз жігіттер, Жүрер белін буынбай. Сөзінде бір тұрлау жоқ, Ащы судың буындай. Түрлі сөзін тыңдасаң, Жыланның зәрлі уындай, Екі достың арасын Шағыстырар от жағып, Мергеннің шақбақ – қуындай. Кері кеткен керенау – Сасып кетер маңайы. Ғұмырда бір жуынбай, Насихат айтсаң «былай» деп Сөзіңді қалар ұғынбай. Ақылсыз бас, жарымес, Дамыл бермес аяққа. Білгеннен сұра білмесең, Түбі соғар шатаққа. Ақыл айтсаң ақымаққа, Қас көреді сөзіңді. Айыбын айтсаң бетіне, «Жоғалтам» дер көзіңді. Түсініп, ақыл ұғатын, Ұл туған жоқ безенді. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |