23:56
Шұғылалы шешендік

ШОРМАН мен ТАТПАЙ

Қыстың күні жау алып кеткен жылқысы Қарауылдан шығып, Шорман бас болып барғанда, бұл елде онымен сөйлесуге тең кісі бола қоймай Татпай деген биді алдырады.

Татпай кедей, үсті-басы жүдеу, мінген аты да өзіне лайық емес екен. Осы өңімен Шорманға келіп амандасып отырғаннан кейін:

- Уа, Шорман, басыңды көтеріп неге елге жауап бермейсің? Бай дейін десем бай емессің, батыр дейін десем батыр емессің, - депті.

Сонда Шорман басын көтеріп, Татпайдың үстіне қарап отырып:

- Япыр-ай, бұл ел жорғасы мен жүйрігін арқасын жауыр, құйрығын жолық қылып, желқомның астында сақтайды екен-ау! – депті.

Татпай бөгеліп қалып, Шорманның дауын бітіріп, жылқысын қайтартыпты. Кейін Татпай биге «Шорманға неге жауап қайырмадыңыз» дегенде, Татпай:

- Шорман маған: «Елдің қадірсіз ұстайды екен», - деді. Мен оған кигізген киіндеріңді, мінгізген аттарыңды айтайын ба? – депті.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 24 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: