11:51 Шұғылалы шешендік | |
МҰСА мен ШОҢ Мұса мырза жас кезінде қарт Шоңнан: - Ақ сауыт деп нені айтамыз? Арғымақ деп нені айтамыз? Жақсы деп кімді айтамыз? Ер жігіт деп кімді айтамыз? – деп сұрапты. Сонда қарт Шоң: Ақ сауыт деп айтамыз – атқанға оғың өтпесе, Арғымақ деп айтамыз – желгенде жылқы жетпесе. Жақсы деп соны айтамыз – тозған елді септесе, Ер жігіт деп айтамыз – жауға тастап кетпесе, - деп жауап беріпті. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |