10:23 Шұғылалы шешендік | |
КӨБЕЙ БИДІҢ СӨЗДЕРІ Үйіңнен дуыл кетпейді, Ақымақ болып, тоқ болсаң. Ешкімге назың өтпейді, Арыстан болып жоқ болсаң. Ат барлығы не керек, Болмаса аттың сияғы. Тау барлығы не керек, Іргесінде болмаса тұрағы. Шалқар көлдер не керек, Жағасында болмаса құрағы. Ер жігіттер не керек, Артында болмаса тұяғы. Адал сөз екі дүниеде жанның шырағы. Арам сөздің ана дүниеде бар сұрағы. Дүниеге келген адамның, Қара жер болар тұрағы. Көбей бидің сөздеріне ұқсас басқа адамдар атынан айтылатын сөздер кездеседі. Сонда да болса зерттеуші ғалымдарға керек болар деген көңілмен, бірнеше тапқыр сөздерді оқырман назарын ұсынуды жөн көрдік. Жүйрік ат ер пырағы, Ойлаған жерге жеткізер. Жақсы бала әке шырағы, Көргенді құмар еткізер. Жақсы әйел үй тұрағы, Жатты жақын еткізер. Тамаша алғашқы шу-ду сияқты, Қуанышқа көтерген ту сияқты. Қуантып аяқ жағын шерменде ғып, Болады тілеп ішкен у сияқты. Зер ұстаған зердің жайын біледі, Жақсы басшы елдің жайын біледі. Басынан көп өмірді өткізген жан, Қайғыменен жердің жәйін біледі, Ой дүние-ай, дүниесің, Дем алғанша құбыласың. Шаң жұқпайтын кейде тұлпар, Кейде орға жығыласың. Кеше көл еді, бүгін тақыр, Кеше бай еді, бүгін пақыр, Ар сатуға ақырын келе жатыр. Желдетпей тұман ашылмас, Желпінбей жүйрік басылмас. Өндіршектен оқ тисе, Жер таянбай тұра алмас. Тоқтамыс батыр, мамай батыр, көбей, Қараменде, Кеңгірбай билер туралы Байкөкше ақынның араб әрпімен жазылған ұзақ поэма-дастаны болушы еді, амал қанша, қолда жоқ. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |