23:32
Шұғылалы шешендік

КӨБЕЙ БИДІҢ СӨЗДЕРІ

Көбей – 1710-1785 жылдар аралығында өмір сүрген белгілі шешен, әділ кісі болған. 1779-1780 жылдарғы «Еңлік-Кебек» оқиғасының ішінде болып «жолсыз жазаға» ұшыраған екі жастың өліміне қатты қайғырып, тебіренген адам. Көбей туралы ұлы жазушы Мұхтар Әуезов шығармашылығында және «Еңлік-Кебек» дастанында қамтылған. Көбей айтты дейтін ел ішінде көптеген шешендік алғыр ойлы сөздер бар. Мысалы, Еңлік-Кебекті жазықсыз жазаға ұшырағаннан кейін айтқаны. «Ақырында мен ғарып» атты толғауында:

Осы кезде кім ғарып,

Бірлігі жоқ ел ғарып.

Еркімен ел жайламай,

Құлазыған жер ғарып.

Қаз-үйрек ұшып қонбаған,

Айдын шалқар көл ғарып.

Көмек тимей қорықпен,

Арманда өлген ер ғарып,

Мақсатына жете алмай,

Ерікті өмір ете алмай,

Көзінің жасы сел болып,

Зарлап өлген ару қыз,

Бәрінен де сол ғарып.

Қадірін біліп ұқпаса,

Нақыл айтқан сөз ғарып.

Елін жөнге салмаған,

Қос қыршынды жалмаған,

Есбембеттей би ғарып.

Үш күн, үш түн жыладым,

Көзімнің жасын бұладым.

Жүрегім от боп елжіреп,

Буыным сөзім өтпеген,

Тентек елге жетпеген,

Ақырында мен ғарып.

Соңында:

Аз болған соң еліміз,

Даулы болып жеріміз.

Екі қыршын қаза боп,

Үзілді ғой беліміз, -

деп Көбей би торығып отырып қалыпты деседі. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 54 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: